Төбелес төңірегіндегі әңгімелерге «тойып» болсаңыздар, тағы бір қызық айтайын

«БОКСҚА» ДЕЙІНГІ ШЕКІСТЕР

 

Студиядағы төбелес пен төбелес төңірегіндегі әңгімелерге «тойып» болсаңыздар, тағы бір қызық айтайын. Ерекеңнің газетінде 3-4 жыл жұмыс істедім. Сол уақытта «бокс» көрмегенмен, ерегескен адамына «кекс» асатып жіберетін әдетіне бірнеше мәрте куә болғаным бар.

 

Бірде «Бас оқырман» редакцияны басына көтеріп, әлдекіммен айғайласып жатты. Ашуланғаны сонша, бір уақта орнынан атып тұрды. &ndash Мен саған көрсетем... сенен келген бәлені көріп алдым... дәл солай сені де соямын...жарымес...

 

Ар жағындағы адам «соятын пышағың бар ма еді?» деді ау шамасы. &ndash Бар пышағым. Менің газет деген пышағым бар. Сонымен соямын...

 

Кейін сұраймын ғой «ана кісі кім?» деп. Айтқанда, көзім атыздай болды. Өйткені ол адам министр, не облыс әкімі, болмаса, одан да жоғарыда отырған шенді емес еді. Мәжілістің депутаты, есім-сойын бүкіл қазақ білетін «Халық қаһарманы» болатын. Шамасы, «Дат» түйреген биліктегі әлдекімге ара түсем деп «сойылып» кеткен сияқты.

 

Тағы бірдегі әңгіменің де жөн-жосығы осыған ұқсас: - Төууу, сізде қоймайды екенсіз... онда жүр солай, өз қадіріңді өзің кетіріп... елге күлкі боп...Айтқанға көнбейтін, не деген адамсың өзің...

 

Ұрыстың басын тәп-тәуір «сізбен» бастаған Ерекең артынан төтесінен «сенге» көшті. Бұл кісі де жоғарыдағы депутат құсап, «қашықтықтағы «бокстан» қашқақтап, тұтқаны тастай салды. Ал бұл кісі кім дейсіз ғой, арқалы ақын. Қазақстанда оның атын білмейтін адам кемде-кем. Кейінгі жылдары әруақтармен алысып кеткені болмаса, абырой-беделіне нұқсан келмеген кісі.

 

Керістің төркіні былай екен: ақын басылымға орыс тілінде мақала жазып, редакцияға жолдайды да, «қашан, қашанның» астына алады. Ол мақала Ерекеңе ұнамайды. Өйткені поэзияда алдына қара салмайтын ақын орыс тіліне шорқақ. Қысқасы, дардай ақынның дүниесі оқушының шығармасы сияқты болып шыққан ғой...

 

Басылымның басына қара бұлт үйрілген бір тұста «Біз періске дайынбыз» деген тақырыппен бірінші бетке мақала берді. Ол кезде біз «перістің» төркінін «биліктегілердің артын ашу» деп паймдайтынбыз. Әнеки, кеше көрдік. Ерекең перістің кез-келген түріне дайын екен...

 

 

 

Сансызбай Молдажанов

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста