Өзбектер медицина жағынан мықты екенін талай естіп жүрмін. Тамыр-таныстарымның да біразы сол жаққа барып емделіп қайтты.
Анау-мынау деп мақтанғанда сондаймыз, медицина жағынан артта қалып қойыппыз біз өзбектен.
Олар ауырып келген адамға қабақ шытпайды екен. Барын алдына тосып, ауырып келген адамның асты-үстіне түседі. Өстіп-ақ клиент жинап отыр олар.
Бізде адамша қарағаны былай тұрсын, ақша берген күннің өзінде де дұрыс емдемейді ғой? Шетінен шікірейіп қалған, сіркесі су көтермейтіндер.
Болашақта адам емдеуден алға шығады осылар!
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан