Шашты неге көрінген жерге тастауға болмайды деп жүруші ем... Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айшасын" оқып отырып, сұраққа жауап алдым... Сіздер қалай ойлайсыздар?
"...-Әйел баласы шашын беталды тастамас болар, деді Айша. Тарақтан түскен шаш әлдеқалай отқа күйсе, о дүниеде балалары шырылдайды дейді. (О дүниелік болған баласы болса) Анасының отқа күйген исін танып қояды екен де: «Анамыз тозақ отына түсіпті кетті-ау», - деп шыр айналып шырылдайды екен. Тозақ отынан анасын құтқарып алмақ боп, өздері де сол тамұқ өртіне түсіп кете жаздайды екен."
Гүлнұр Ахметжан
Facebook-тегі парақшасынан