Сақал өсіргенше, ақыл өсіретін дәрі алмайсыңдар ма

ЖАСТАР НЕГЕ САҚАЛ ӨСІРЕДІ?

 

Аула сыртында бір топ бозбала бірдеңеге қызыл кеңірдек болып итше таласып жатыр. "Маған да берші жағып алайын"-дейді бір бала. Мені көріп орындарынан ұшып тұрды.

 

-Амансыңдар ма? Не жағып жатырсыңдар? - дедім.

 

-Аға,өсіретін дәрі ғой-деді көрші бала.

 

-Япырмай,нені өсіреді?-дедім таңданып.

 

-Сақал өсіреді.

 

-Оны қайдан алдыңдар?

 

-Интернеттен сатып алдық.

 

-Жастарың нешеде?

 

-Мен енді он алтыға толамын-деді біреуі. Қалғандары да сол шамалас ау деймін.

 

-Ау,бесіктен белдерің шықпай жатып сендерге сақал не керек?

 

-Колледжге сақал өсіріп барамыз.

 

-Неге?

 

-"Мужик" боламыз-деді бір қара бала.

 

-Сонда сақал қалай өседі?

 

-Бетімізге осы майды жағамыз, содан соң сақал алғышпен күнде қырамыз-дейді. Бір баланың беті қыра-қыра қызарып бөртіп кетіпті.

 

-Ай,оданда сақал өсіргенше, ақыл өсіретін дәрі алмайсыңдар ма?- дедім әзілдеп.

 

Олар күліп жіберді.

 

Міне, кейбір жастардың бүгінгі келбеті осы. Өтірік емес,қазір көшеде сеңдей соғысқан сақалды жастар көп.

 

Бұрын қазақ халқы сақалды ерекше қадірлейтін еді. Мынадан кейін не айтуға болады? Қайта жасы кіші адамдар сақалды кісілерді көргенде, оларға міндетті түрде сəлем беріп,құрмет көрсетуші еді ғой. "Ақсақал" деп алдын кеспейді. Әдептілік танытады. Сақал қойған кісілер сақалының салауатын сақтайды. "Ақсақал" деген ардақты атқа дақ түсірмеуге тырысады. "Ауыл ақсақалы" болдым деп, ел алдындағы ақсақалдық парыздарын өтеп, жастарға үлгі-өнеге көрсетуге тырысады.

 

Ал, мына өрімдей жастар кімге еліктеп жүр? Жарысып сақал жіберудің мақсаты не? Әлде,сақал қою мода ма?

 

Онсызда соңғы жылдары көшеде сақалдылар толып жүр.

 

Сақал түгілі мұрт қойдың да жөн-жоралқысы бар емес пе?

 

Ер азаматтар бұрын мұртты балалы-шағалы болып, тұңғыш қыз ұзатып, келін түсіргенге дейін қойса, немере-шөберелі болған соң,сақал өсіретін еді.

 

Жасына жетпей сақал қуып жүргендер сақал-мұрттың да қадыр-қасиетін түсіреді ау?...

 

Нұрлыбек Жұбатқан
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста