Руханиатқа, ұлттық санаға ол министр кезінде түскен кіреукені ештеңемен өлшей алмаспыз...

Бүгін антикор бұрынғы министр һәм Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының мемлекетке келтірген залалы миллиардтаған теңгемен өлшенетінін хабарлапты. Ал руханиатқа, ұлттық санаға ол министр кезінде түскен кіреукені ештеңемен өлшей алмаспыз. Мынау — бес жыл бұрынғы жазбамыздың үзіндісі:


Жақын досымыз «еңбек сіңірген қайраткер» атағын алатын болған соң «Қазақстан» киноконцерт сарайына мемлекеттік награда тапсыру салтанатына барғанбыз.


Салтанат басталады деп белгілеген уақыт – сағат 11. 00 еді. Кешікпеу үшін сағат 10. 30-да сарайға келдік. Өздері хабарлаған 11. 00 қайда, 11. 45-те зорға залға кіргізді. Сосын және жарты сағат іште қаңтарылып отырдық. Министр Арыстанбегіміз кешігіп жатыр екен. Сағат 12. 15 топты адаммен төбесі көрінді.


Жүргізушілердің бірі қазақша бастаса, екіншісі тура сол сөздерді орысша қайталасын. Экономика, индустрия, қаржы сияқты министрліктер жиналысы екі тілде жүргізілсе түсінуге болады. Ал мынау мәдениет пен спорт саласы ғой. Нағыз ұлттық министрлік емес пе. Енді ойымызға тәуелсіз мемлекет болғандағы алғашқы мәдениет министріміз Еркеғали Рахмадиев оралды. Министрліктегі жиналыс, мәжіліс тұрмақ барлық іс қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізіп еді жарықтық. Ол кісіден кейінгі жиырма бес жылда алға жылжу қайда, кері кеткеніміз қалай деп таңырқадық та отырдық.


Хош. Сағынтып жеткен министріміз қазақша сөз бастады. Мынау диктофондағы жазбасы. «Ариптестер! Баршаңызды ұлы мереке тәуелсіз күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!» Ой, көше атаулыда керілген ұранда, газет беттерінде, телевизияда «Тәуелсіздік күні» деп жазып, айтып жатқанымызға жиырма алты жыл болды, тіпті сарай төрінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» деп алып экранда жазылып тұр. Министрдің «тәуелсіз күні» деген мерекені қайдан тапқанын білмей дал болдық.


Ары қарай, иә қол шапалақтаудан соң: «Біз әр кезде мақтанышпен айтамыз, 26 жылдың ішінде, тарихи кезеңде, аз уақыттың ішінде Қазақстан сонау құлдырау кезінен, Совет үкіметі құлдырағаннан кейін қазіргі кезде аз уақытта дүние жүзіне белгілі, сыйлы өз ерекше орны бар мемлекет айналғанына бәріміз үлкен қуаныш.» Тура осылай. Диктофондағы жазба.
Кезінде Еркеғали ағамызды айтпағанда осы министрлікте істеген Әбіш Кекілбаев сөйлегенде, министр Алтынбек Сәрсенбаев сөйлегенде, министр Мұхтар Құл-Мұхамед сөйлегенде тура осындай сарай толы қазақ тілді қауым сүйсініп тыңдайтын. Мына министрдің бір тіркесі екіншісіне қиыспайтын, септік жалғауынан жұрдай сөзін естудің өзі ыңғайсыз екен. Шамасы, көркем әдебиет оқу мен газет-журнал қарауға уақыты болмаса керек.


Хош. Одан соң орысша сөйлеуге ауысқан министрдің әрине «Орынбордың алдында тағалаған жорғадай екені» түсінікті.


Орден алуға археолог Самашев, ақын Раушанов шыққанда министр оларды бір ауыз сөзбен қарсы алды. Зейнолла ағамыздың Берел қорғандарынан алтын адам мен аттар тапқаны, соның негізінде Берелде аспан асты музейі, ал Астанадағы Ұлттық музейде үлкен экспозиция жасалғаны аталмады. Жарайды, бір-бір ауыз сипаттамамен тоқтағаны жөн шығар дегенбіз. Жоқ. Ресейлік Сергей Павлович Ролдугинді орден алуға шақырғаны сол министріміз аққайнардай атылсын келіп. Алдымен оны «Мәскеуден келді» деп хабарлаған айташылардың сөзін «бұл кісі Санкт-Петербургтен келді» деп түзетті. Не деген ұқыптылық, қандай ізет! Сосын әлгі Ролдугиннің не істеп, кімді оқытқанын, қайда директор, қайда дирижер болғанын аңыратсын келіп. Әйтеуір, әлгі кісінің «Ресей» банкінің акционерлерінің бірі екендігіне жетпей тоқтағанына тәубе. Есенғалидың білдей баспаның директоры екеніне, бүкіл қазақтың таңдайын қаққызған тамаша жырлар жазған ақын екеніне бұйырмаған теңеу мен мақтанның бәрін Ролдугинге теңдеді де жіберді.

Хош. Одан әрі тіпті қызық. Енді біздің министр орден, медаль, атақ алуға шыққан музыканттарды Ролдугинге таныстыруға көшсін. «Сергей Павлович, бұл біздің пәленшеміз», «Сергей Павлович бұл біздің түгеншеміз». Санап отырдық, тура алты рет Ролдугинге есеп берілді. Бұл не, министр өзі сөз басында айтқан Президент қол қойған награданы тапсыру ма, жоқ ресейлік дирижерге қазақ өнерпаздарын таныстыру ма? Таныстырғың келсе әлгі алтау-жетеуін кабинетіңе шақыр да, Ролдугинге көрсет. Мемлекеттік марапаттар тапсырылған салтанатты жиында төрдегі министріміздің сарай ішіне қарап әлсін-әлсін «Сергей Павлович,бұл әлгі...», «Сергей Павлович, бұл мынау...» деп құрдай жорғалағаны үшін қара жерде тесік болса кіріп кетер едік.


Хош. Ресейдегі «Муз ТВ» арнасының директоры Арман Дәулетияров награда алуға шақырылғанда министріміз тіпті, масқараға ұшырады. «Сергей Павлович, бұл Арман Ресейде қызмет еткенмен біздің Оралда туған, ...әлде Атырауда тудың ба?» «Ресейде, Орынборда туып едім» деді директор, продюсер Дәулетияров...


Қайнар Олжай
2017 жылғы желтоқсанның 15-і.
Астана.

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста