"Қызтеке" дегенің "гей" емес...

Көптен бері айтсам ба екен, айтпасам ба екен деп жүрген бір ой бар.
"Айтпаса – сөздің атасы өледі..." Одан да айтып, өзім "өлейін"...
Соңғы уақытта гейлерді – "қызтеке", лесбиянкаларды – "еркекшора" деп жүргендермен келіспеймін. Көбінесе журналистер өз сюжеттерінде осы сөздерді қолданады.
Қазақтың "қызтеке" деген сөзі мен "гей" деген – екі бөлек нәрсе.
Қазақ "қызтеке"деп – қыз сияқты сызылып қалған, мінезі жұмсақ, өзі ұялшақ т.б. мінезіне қарай өзгерек ұл балаларды (жігіттерді) "қызтеке" деген. Алайда олар мына "гейлер" сияқты нәпсіқұмарлықтан, азғындықтан аулақ болған. Отау құрып, ұрпақ өрбіткен...
Психологиялық тұрғыдан немесе табиғи ауытқушылық ауруларға ұшырағандар қазақ даласында мүлде болмаған. Болса да, миллионнан біреу болған шығар, ондай ауытқушылығы бар "қызтекені" ата-анасы, ағайын-туысы барынша жасырын ұстаған. Ондай дерттілердің өздері, тіпті, өз дерті туралы білмеген де, түсінбеген де болуы мүмкін...
Ал "еркекшора" деген – лесбиянка емес!
Қазақ "еркекшора" деп ерке де ер мінезді қыздарын айтқан. Қызын кішкентайынан ұл бала секілді өсіріп, айдар қойып, шалбар кигізіп, атқа отырғызып, мінезді етіп тәрбиелеген. Көбінесе бір ұлға немесе перзентке зар ата-ана қызын ұлдай мәпелеген. Ондай қыздар физикалық тұрғыда ауыр жұмыстарды да оп-оңай атқара алатын болған. Қолына қару алып, атқа қонып, жауға да шапқан...
Олар да бойжеткен шағында, уақыты келгенде "жат жұрттық" екенін түсінген, сезінген, ұзатылып, келін болған, сәби сүйіп ана атанған!...
Ал сендер қазақы көркем сөздің мағынасын бұрмалап бітірдіңдер!
Жалпы, небір "журналистер" "жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай қаптап кетті" қазір...
Сондықтан "гейді" – гей, "лесбиянканы" – лесбиянка деп өздерінің атымен атайық! Қазақы атаулармен атасақ – демек, қазақта да сондайлар болған дегенді өзіміздің мойындағанымыз болып шықпай ма? "Е, қазақтарда да мұндайлар болған, олардың қазақша аты да бар..." деп өз-өзімізді жауға жығып бергеніміз емес пе? Қисынға салсақ – солай болады. Қазақта ондай болмағандықтан – олардың кірме екенін көрсететін өз атауларымен – кірме сөздермен атай беруіміз тиіс!
Тіпті, оларға түрлі-түсті әдемі түстерді де бермеу керек! Олар тек – қап-қара қараниетті, арам ойлы азғындар ғой. Сол себепті, олардың түсі тек қап-қара!!! Мен, мысалы, ашық түсті, түрлі-түсті, сәнді киінгенді ұнатамын делік. Ондай қыз-келіншектер қаншама! Сонда түрлі-түсті, қызылды-жасылды киініп, жарқырап жүру тек солардың ғана меншікті құқығы ма?
Сәуле Әбілдаханқызы
Facebook-тегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста