Қыздар, байға тигілерің келсе, шіли жестокий болмасаңдаршы

Үйдегілер "үйлен" деп қылқылдап миды жей бастағанда біздің мекемеге бір жас қыз жұмысқа тұрды. "Осы қыз қалай екени?" деп арам ойлап жүргенімде, "іздегенге сұраған" əлгі қызым "интернетті үйретіңізші" деп келе қалғаны. Интернетті қосып бергенім болмаса, онда да, менде де артық əңгіме жоқ. Махаббатқа дым қатысы жоқ "Жұмысың қалай? Үйренейін дедің бе?" деген секілді ресми сұрақтан аса алмаймыз екеуміз де. Содан бір күні батылым жетіп кездесуге шақырдым. Қыз келісті. Қайда кездесетінімізді қыздың еркіне қалдырдым. "Қиял əлемінде" кездесейік деді. Келістік. Кешке шырттай киініп бардым кездесуге. Керемет бақытты сезініп қоямын өзімді. Кафеде отырып, аз-кем тамақтанған соң, саябақты аралап келеміз. Қолынан ұстап алдым. Жүрек дүрс-дүрс. Мəзбін. Бір кезде "Пират" деген аттракционның алдына келдік. "Мінейікші" деді қызым. Отказ беретін мен бе? "Дауай" дедім. Ұшар басына отырып алдық қонжиып. Өзімше қыздың белінен құшақтап отырмын. Нұсқаушы барлығымызды отырғызып болған соң, "Егер қорқынышты болып жатса, қолдарыңызды көтеріңіздер" деп ескертті. Ішімнен "уақ" деп күліп қоямын. Тапқан екенсің қорқатын адамды. Содан нұсқаушы бір тетікті басып қалып еді. Кемеміз қозғалып кеп берді. Зəрем зəр түбіне кетті. Дəл қазір мына қайықтан ұшып кететін сияқтымын. Бүкіл өмірім көз алдымнан зулап өтті. "Ержан қызбен қыдырып жүріп, пираттан ұшып өліпті" десе западло ғой" деп ойлап отырмын. Қолымды көтерейін десем, ұшып кететін сияқтымын. Жүрегім алды. "Мə, қазір мына қыздың үстін бүлдіріп қойып, кофтасын жуып жүрмесем болғаны" деген ойдың басыма келгені сол, қолымның қалай көтерілгенін сезбей қалдым. Аттракцион тоқтады. Қасымдағы қыз тырқылдап күліп жатыр. Оған қарайтын мен бе? Түсіп қалдым. Пиратым қайта кетті самғап. Көзімнің қиығымен қарап отырмын. Əлгі қыз мəз. Екі қолын жайып алған. Түскен соң, көңіл-күйім жоқ "қайтамыз ба?" дедім. Ол келісті. Тезірек үйіне жетсек екен деп келе жатырмын. Саябақтан шыға берісте питонмен суретке түсіретін потогрып шыға келді. "Суретке түсейікші" деді əлгі қыз. Құлықсыз келістім. Содан əлгі потогрып қолақпандай питонмен əлгі қыз екеумізді қосақтап қойды. Қыздың белі қолымды күйдіріп бара жатқанмен, əлгі жылан сұп-суық боп мойнымды жыбырлатып барады. Содан ақшасын төлей салып, қызды үйіне жеткізгенше асықтым. Одан кейін ол қызға жоламай кеттім.
Не ғой, қыздар! Байға тигілерің келсе, шіли жестокий болмасаңдаршы. Жігіттер, егер қаламасаңдар, жалған намысқа тырысып пиратқа мінгізбей-ақ қойыңдар. Одан да пойызға мінгізіңдер. Рақат қой, пойыз деген. Ррромантикаааа!

Ержан Тәліп
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста