"Қыз көп" деп ырғалмай, ертерек үйленіңдер, жігіттер!
Қазақстанда 1 жігітке 10 қыздан келеді деген статистика өтірік екенін 4 жыл бұрын зерттеп жазып едім. Шындап келгенде ұл балалар көп туылуда. Өкінішке қарай, кейбір ақпарат құралдары, азаматтар әлі осы өтірікті қайталаумен келеді. Бұл статистика арқылы өзімізге қастандық жасаудамыз. Мысалы, біздің қаракөз қарындастарымыз көрінген келімсекке тиіп жатыр, кейбіреулері некесіз сүйіп жатыр. Ал, жуырда Қытайлық әлеуметтік желіде Қазақстаннан қалыңдық табыңдар деген жарнама тарағанын естідік. Жетістіңдер ме? Енді ол жақтағы бойдақтардың қаны тулап, батыстағы көршісіне елеңдейтіні анық. Сондықтан бір жігітке пәленше қыздан келеді деген жалған деректі таратуды доғарыңдар!
Айтпақшы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жігіттер саны - 390 мың 529. Ал, қыздар 377 мың 464-ті құраған. Көрдіңдер ме, қыз "дефицит". Сол үшін "қыз көп" деп ырғалмай, ертерек үйленіңдер, жігіттер!
Ғабит Сапарбеков
Facebook-тегі парақшасынан