Мектептен қыздармен бірге қайтып қалған кезімде, алдымыздан аталар не апалар шығып қалса, қызға «жүре бер, жүре бер» деп, отыра қалып аяқ киімнің бауын шешіп, қайта байлап, балақтың шаңын қайта-қайта қағатынмын. Сондағысы, үлкендер қызбен келе жатқанымды көріп қоймасын деген ой ғой. Сөйтіп қыз 30-40 метр ұзақтағанда бауымды байлап бітіп, ақсақалдың қолын алып, жағдайын сұрап үйге қайтатынмын. Қазір өкінішке қарай мұндай көрініс кездестіре алмайсың. Қыздың қасында жүру былай тұрсын, үлкендердің көзінше құшақтасып кете береді....
Берік Сұлтан
Facebook-тегі парақшасынан