Құдай адам баласын "ҚҰЛ" деп атады дегенді қайдан шығардыңдар?

Жаратушының барына сенем. Оның шексіз күш иесі екеніне де күмәнім жоқ. Алайда, менің Құдай мен пенделердің арасында дәнекер сымақ болып жүрген молдалар мен уағыз таратушыларға бір сұрағым бар. Осы сендер Құдай адам баласын "ҚҰЛ" деп атады дегенді қайдан шығардыңдар? Не сөз сол? Оны және сүйікті деген сөзбен жұмсартып, "сүйікті құлдары" деп алдарқатасыңдар. Құл деген сөз мүлде жағымсыз болып естілмесін дегеннен туған қулық па бұл? Құлдың сүйіктісі болса, сүйікті емесі де болғаны ғой. Былшылбай әңгіме. Құлдың аты Африкада да құл.

 

Бір сөзбен айтқанда, дін уағызшыларының Жаратушы Құдайға еш қатысы жоқ. Олардың арасы жер мен көктей. Құдайдың шын әмірін ешкім де білмейді. Құдайдың атынан сөйлегіш болса, расында соның әмірін жеткізуші болса неге сол молдалар әрқайсымыздың ажалымыздың себебін, түрлі қасірет-кесапаттың келер уақытын айтпайды? Себебі олар ешқандай да дәнекер емес. Құдайдың атын жамылып, қара халықты билеп-төстегісі келетін аферисттер. Оларға тек сенің сөзсіз бағынғаның, айтқанын екі етпей орындағаның қажет. Құлдық ұрғаның керек. Сол үшін толықтай мойынсындыру үшін "ҚҰЛ" "ҚҰДАЙДЫҢ ҚҰЛЫ" деген ұғымдарды санаға мықтап сіңіргісі келеді. Тіпті Құдаймен тілдесіп, оған ризалығың мен шексіз сенім білдіруіңді де "құлшылық" деп атап, сол құлдық сананы қалыптастыруға ұмтылады. Бұл, қазіргі тілмен айтқанда, идеологиялық әдіс. Басқа ештеңе де емес. Әйтпесе, Құдай өз қолымен адам баласын жаратып, сүф деп кеудесіне жан бітіре отырып, оған сана мен ойлау қабілетін беріп қойып, оны құл, күң деп атауы мүмкін бе? Нонсенс қой бұл.

 

Бір сөзбен айтқанда дін мен діндарлардың шын Жаратушыға еш қатысы жоқ. Ол сол дін иерархиясының басында отырғандардың ойлап тапқандары. Естеріңізде болсын, ешкім де бұл фәниге құл болып келмейді, күң болып тумайды. Бәріміз де Жаратушы иеміздің сүйікті баласымыз. Өз басым Жаратушымен тек осындай формадағы қатынасты қабылдаймын.

 

Пікір иесі Мұқтар Түменбай

 

 

Серік Абас-шах

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста