Қонаев қасындағы серігінен: "Жаңа жұрт мақтап жатқанда, бетім қызарды ма?" деп сұрапты

Соңғы кезде ҰЯТ деген ұлы нығметті мазақтап, құнын түсіргісі келіп тыраштанатын бір сауатсыз, тамырсыз топ пайда болды. Қанша мазақ қылғысы келсе де, Алла қадірлі қылып қойған қасиеттің қадірін ешкім де түсіре алмайды. Абай отыз алтыншы қара сөзінде ұят туралы былай дейді: "Пайғамбарымыз саллаллаһу әлейһи уассаламның хадис шәрифінде айтыпты: "Мән лә хаяһүн уа лә иманун ләһу"деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар:"Ұят кімде болса, иман сонда" деген". Даналар осылай дейді. Шалалардың не деп жүргенін жоғарыда айттық. Сол шалалардың ажырата алмай жүрген ұғымын Абай хәкім осы қара сөзінде былай талдайды: "Бір ұят бар-надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдында жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу- ақымақтық, жамандық". Егер осы "ұятты" сынаса бір жөн, ұятты "сынап", мазаққа айналдырғысы кеп жүрген желөкпелердің айтып жүргені - Абай ардақтаған, халық қадірлеген ұят. Постты да сол үшін жазып отырмыз. Тағы да Абай хәкім ұятқа мынадай анықтама береді: "Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты". Расында, иттініңді мойныңа салатын қысымың болмаса, өзің де ит боласың. Олардың ұятқа жармасуы да тегін емес. Өйткені кімнен ұят кетсе, одан адамдық та кетеді. Анам әкесі Садықтың "Мен келіндерді көшеде жолықтыра қалсам, түстеп танымаймын" дегенін айтып отырушы еді. Мен таңқалып апамнан: "Апа, келіндерін қалай танымайды? Бетіне қарамай ма сонда?" - деп сұрақ қойсам: "Қарамайды. Әдейілеп қарамайды. Ол кездің адамдары басқаша еді ғой, жарықтықтар" - деп жауап беретін. Қандай биік құрмет, терең сыйластық, ә?! Айта береміз ғой, бірақ түсіну қиын. Өйткені ол деңгейден, парасаттан айрылып қалдық. Апамның тағы бір айтқаны әкесі Садық өмірден өткенде ағайынның бір келіні: "Атам жарықтықтың түрін еш болмаса бір рет те көрмеппін. Еш болмаса әл үстінде жатқанда кіріп қоштассамшы. Соныма өкініп, есіме түссе өзегім өртенеді" деген екен. Келінді атасына деген шексіз құрметі бола тұра, жүзіне қаратпай тұрған сол ұят. Тілмен айтып жеткізу қиын ұят, құрмет Һәм сыйластық. Қонаевты біз жиында жұрт қатты мақтаса керек. Ол кісіге деген елдің құрметі бөлек екені белгілі. Жиын соңында Қонаев қасындағы серігінен: "Жаңа жұрт мақтап жатқанда, бетім қызарды ма?" деп сұрапты. "Ия, қызарды" десе, Қонаев: "Онда əлі ұятым бар екен" деген екен. Өз басым ұялған беттің қызылындай əдемі түс көрген емеспін. Кейбіреулер ұяла білген, ұяттың жөнін білген қазақтай текті жұртты сол қасиеттен де айырғысы келетіндей. Жастар, шалаларды емес, Абай сынды, Қонаев сынды даналарды тыңдаса деймін...

 

Абай Қалшабек
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста