Қазақ тілін үйрететін курс ашсам ба деп ниеттеніп жүрген едім. Енді бір нақты шешімге келдім. Таныс мұғалімдеріммен сөйлестім, сабақ өткізуге келісіп отыр, ҚАЗАҚ тілін білмейтін адам бір Астананың өзінде жетіп асады. Клиент табылады.
Негізгі мақсат сол клиенттен ақша алып, грамматиканы үйіп төгіп, қазақтың салт дәстүрін айтып орыс тілді адамдардың миын ашыту емес, НЕГІЗГІ МАҚСАТЫМЫЗ - қазақ тілінде сөйлеуді СӘНГЕ айналдыру. Көшеде қазақ тілінде сөйлесетін адамдар санын көбейту. Қазақ тілі сондай қиын тіл емес, ағылшын тіліне ұқсайды - бүл менің жеке пікірім. Ал ағылшын тілін көптеген мемлекеттер пайдаланады. Қазақ тілі ағылшын тілі сияқты 150 мемлекеттің жерінде билік жүргізбей-ақ қойсын. Өз елімізде Қазақстанда, яғни бір мемлекетте Қазақ тілі билік жүргізсе екен деген арманнан туған ниет еді бұл. Алла жар болып қазақ тілін үйрететін қарқынды бір курс ашсам, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге өз үлесімді қосар едім ау.
Жадыра Назарова
Фейсбуктегі парақшасынан