"Қазақ азбыз, біз 19 миллион ғанамыз" деп ауызды қу шөппен сүртеміз де отырамыз

"Қазақ азбыз, біз 19 миллион ғанамыз" деп ауызды қу шөппен сүртеміз де отырамыз

Өткен ғасырдың 20 - 30 жылдары Оңтүстік Түркістанда дүрбелең тудырған лақай тайпасының көсемі атақты Ибрагимбек.
Өлерінің соңына шейін большевиктермен қасқырша арпалысып қолға түсіп 1931 жылы атылды.
Оспан батыр Шығыс Түркістанның қаһарманы болса, лақай Ибрагимбек Күнгей Түркістанның қаһарманы.
Неге бұл аймақты Күнгей Түркістан деп отырмын?
Өйткені, большевиктер 20 жылдары ол араға (Тәжікстан - Ауғанстан шекарасы) шекара орнатқанша арғы бетпен бергі беттің халықтары Пянж бен Вахш өзенін кесіп өтіп жүре берген екен.
Арғы бет толған қоңырат, құрама, қатаған, бергі бет толған қоңырат, құрама.
Қазір Ауғанстанда өзбек боп отырған ру - тайпалардың арасында да біздің ру - тайпалар өріп жүр. Шежірелерін түгендеп отыр.
Тіпті Ауғанстандағы хазар халқының құрамында найман, қыпшақ тағы басқа қазақ рулары да жетеді.
Нағыз Күнгей Түркістан.
Содан, большевиктермен соғыса отырып Ауғанстанның солтүстігіне ығысқан Ибрагимбектің әскері 20 жылдары Ауғанстанды тіпті бөліп алмақшы болған екен.
Өзіне бауырлас қатаған, қоңырат, тағы басқа Күнгей Түркістанды мекендеген өзбек руларын қасына жиып, олардан күшті әскер жасақтап, біріккен Ауғанстан әскерін де тас талқан қылып жеңіп, өз мемлекетін құрмақшы болады.
Оның бұл ниетін түсініп қатты сасқан пуштундар ана жақтан бұларға қарсы күллі ел боп бірігіп соғысып, түркі тайпаларымен біріккен азғантай лақайларды әрең жеңіп, оларды қайтадан Совет шекарасына қуып, одан соң әлсіреп қалған Ибрагимбек қолын бергі бетте ОГПУ - НКВД әскері соңдарынан қуалап жүріп талқандаған екен.
Күнгей Түркістанда пәлен жыл соғыс салып аты аңызға айналған есіл ер сол кезде (31 жылы) қолға түсіп атылады.
Бұл туралы К. Абдуллаев өзінің кітабында толық жазды.
Сол заманда лақай Ибрагимбектің атын естіген пуштун да, орыс та зәрелері зәр түбіне кетеді екен. Орыстар оны "басмач" деді.
Енді осы лақайларды ғалымдар өзбек деп жазайын десе, бұлардың тілі, түрі, ру - шежіресі өзбектен гөрі қазаққа көп келеді.
Бұлардың біраз рулары қазақпен ортақ. Өздері бие байлайды, қымыз ішеді. Жеті ата шежірелерін біледі. Шыңғысханды атамыз дейді.
Одан соң бұларды қазір Тәжікстанда бөлек ұлт қып жазыпты.
Қазір осы ержүрек лақай тайпасының біразы Тәжікстанда, қалғаны Өзбекстанмен Ауғанстанға шашырап кеткен екен.
Біз осы Қазақстанда, "қазақ азбыз, біз 19 миллион ғанамыз" деп ауызды қу шөппен сүртеміз де отырамыз.
Ал маңымызда, әсіресе осы Күнгей Түркістанда шежіре ұстаған, бізге ұқсас ортақ рулары көп, қазақ болмай қалған қазақтекті халықтар көп - ақ.
Мен соларға қатты қызығамын.
Бір кезде қалың грек, күрд, әрмендердің арасына барған түріктер өздері Анадолыда орналасып алып, маңына түркімін деген ноғай, қырым татары, әзірбайжан, түрікпен бәрін Түркияға тарта берген екен. Қазір сол халықтар түрік боп кетті. Одан түріктің саны миллиондап көбейді.
Бізде, Қазақстанда түбі "демографиялық жағдайды көтеремін, жерді сақтап қаламын" деген ниеті бар нағыз іскер адамдар, реформаторлар басқарған үкімет келешекте осы тақырыпты күн тәртібіне көтеретін болады, оған мен сенімдімін.

Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста