Қабірдің басында қадірді қашырмасын десек, бала туып қана қоймай, адам жасау керек.

Қабірдің басында қадірді қашырмасын десек, бала туып қана қоймай, адам жасау керек.

Екі күн қатарынан екі түрлі жаназада болдым. Қазаның екеуі де Алласын танып, адамға сыйлы болған, әулетін реттеп, еңбегі еліне артылған кісілер. Алла рақымына алсын. Не үшін екі түрлі дедім?.. Біріншісі бала-шағасын бұл дүниенің байлығымен баққан, екіншісі ұл-қызына екі дүниенің азығын берген. Бірі дүние қалдырды, бірі дін қалдырды. Айырмасы көк пен жердей. Алдыңғысы әкесінің мәйіті жерге кірмей мүлкіне таласты, кейінгісі өлі-тіріге пайдасы тисін деп, молдаға “Мүлік” сүресін оқытты. Арғысы мұрнын көкке шүйіріп жанына шаң жуытпай тұр, бергісі жүзін төмен салып, қабірге топырақ тастап жүр. Ойландым. Балам риза болсын деп ауызын толтырамыз, Аллам риза болсын деп парызын үйретпейміз. Қалағанын қалтаға қарамай, сұрағанын саудаға келмей әперіп жатырмыз. Ютуб өсірген талғамын қанағаттандыра алмай әлекпіз. Бала шағын гүл қыламыз деп, болашағын күл қылып жатқандаймыз. Абайлау керек. Бүгін Алласын танытпасаң ертең әкеңді танытатын ұрпақ шықпасына кім кепіл? Дүкеннен келсең қолыңа қарайтын емес, қабағыңа қарайтын ұрпақтан жақсы адам шығады. Асын “бісмілләмен” бастап, соңын шүкірмен аяқтаса, жаңа затқа алданбайтын, ескі затқа ренжімейтін болса, жыртылған жерін жамап, бұзылған ойыншығын жөндеп үйренсе тәрбиенің төресі. Ал, “Алла қарап тұр”, “Алла ұнатпайды”, “Алла риза болады”, “Алла қуанады” - деп үйрету тәлімнің ең үлкені. Осы сөздерден кейін оның өзі-ақ Алланы іздей бастайды. Қартайған шақта қарайлассын десек, Қабірдің басында қадірді қашырмасын десек, бала туып қана қоймай, адам жасау керек. Одан басқа “әкенің малы балаға мал болмайды”. Жақсы ұрпақ қалдырсақ жарқын болашаққа сене беремін! Көбейіңіздер, көбейтіңіздер!

www.facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста