Отыз ұлың болғанша, анда-санда острый воздух жіберетін шалың болсын

Отыз ұлың болғанша, анда-санда острый воздух жіберетін шалың болсын - деген екен баяғыда бір апамыз. Сол айтпақшы ұрысқақ болса да қасыңда ер азаматыңның болғанына еш нəрсе жетпейді. Кейде бас піспей қалған кезде, əтең бес алты күнге бір жақа кетіп қалса ғой, миым тынышталып, бір рахаттанып демалып алатын едім дейсің. Ал шынымен кетіп қалса ол жоқта үйдегі кейін істеймін деген бүкіл тірлікті өзің істеп, тіпті үйіңе бірқатар жөндеу, аз маз əктеу сынды жұмыстарды жүргізіп аласың. Бар ойың куйеу үйге келгенде оны осындай бір өзгешелікпен қарсы алу. Бүкіл тірлікті істеп біткен соң өзіңше демалған боласың. Бірақ құлағы күнде куйеуінің ұрысқан, еркелеткен, сөйлеген сөзіне үйреніп қалған əйелдің іші пыса бастайды екен. Расында ішің пыспайды. Алаңдайсың. Сосын түзде жүрген күйеуіңе зваондап, таңғы асыңды іштің бе? Қарның ашып қалмадыма? Жаурап қалмадың ба? Түнде ашық қалып кетпедіңбе? Шаршап қалмадың ба? Үйге қашан келесің деп сұрай бересің. Ол міне келе жатырмын деген уақытта ол жақсы көреді деген тамағын пісіріп, үйдегі балаларға
-əкең келгенде шуламай тыныш отырыңдар! Ол есіктен кірген кезде
ооо папам келді деп жүгіріп барып бетін суйіп амандасасыңдар. Сізді сағындықдық деп айтыңдар -деп үйретіп қоясың.
Бұл жерде сонша күн үй бетін көрмей, сонау жерден үйім деп келген жаман шалыңды қуанту ғана. Аз да болса шаршағанын басу. Мен ғана емес, кез келген əйел сондай. Рас кейде ерлі- зайыптылар бір үйде күн ұзақ бірге болса бір бірімен ұрсып қалады, кейде шаршайды, жалығады. Ал бірі шалғай кеткенде ғана бір- бірінің қадірін түсініп жатады екен. Өткен жылы бір келіншектің куйеуі қайтыс болып көңіл айта барғанбыз. Көз жасы көл болып куйеуін жоқтап отырған келіншек, --қыздар жаман да болса еркектің аты еркек. Мейлі ол топас, мейлі жұмыссыз, мейлі ішкіш болсын, үйіңде бір ер азаматтың қарайып кіріп- шығып жүргені жақсы екен. Өйткені мына өсек аңдыған заманда куйеуіңнен жесір қалсаң , не ажырассаң жұрттың аңдығаны тек сен болып қалады екенсің. Отырсаң да, тұрсаң да, тіпті түнде тысқа шықсаң да осы жүріп тұрып қоймадыма екен, осы не істеп жүр деп аңдыпотырады. Сол үшін қыздар қастарыңдағы жаман шалдарыңды қадірлеңдер. Жағымсыз мінез көп адамда бар. Ақыл есі болса есерлігін қояр. Біз əйелдер қырық жандымыз ғой. Сол өздеріңнің Құдай қосқан қосақтарыңның еркелігін кешіріп, жақсы өмір сүріп кетуді ойлаңдар!- деп біраз ақылын айтты. Міне сол келіншектің сөзі сонда отырған баршамызға қамшы болды.

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста