Отбасыда еркек сыйлы болмаса қыз көкбет, ұл безер болады
Ата-анаңды кешір дейді психологтар! Құдайдың міндетін адамға берген психтар, жерге түсіңдер! "Детский травма" деп оттағандар. Әкемнің қабағынан жасым 35-ке келсе де қатты қорқамын. Одан жаман болғаным жоқ. Бұл бір!
Ата-ананы баланың табанына жығып беріп отырғандарын біледі ма, сауатсыздар?! Ата-анадан биік тұрған бала ешқашан өспейді, өнбейді. Ешқандай ата-ана баласын жаман болсын демейді! Ана жаны ашып айтады, әке арын ойлап айтады! Секталарыңды жинаңдар, сары әулиелер. Бұл екі!
Соңғы ақпарларға сүйенсем еліміз бойынша 6 мектеп жасындағы бала (жаңылыссам түзерсіздер) әлімжетіктен қайтыс болды. Кімнің кінәсі? Мұғалімнің? Директордың? Қоғамның? Баласына еге бала алмаған ата-ана кінәлі! Бала мен жас ата-ананың миын улаған "самозванка" психолог сендер де кінәлісіңдер! Ауыздарының суы құрып, солардың курстарын пәленбай мың теңгеге сатып алған ата-аналар сендер кінәлісіңдер! Бұл үш!
Тәрбие табалдырықтан! Ана қалғыса ұлт қалғиды. Отбасында еркек сыйлы болмаса қыз көкбет, ұл безер болады. Ұлттық тәрбиені жаңғыртыңдар. Ұлтты ойлап депутат болғандар! Тик-токқа шектеу қойыңдар! Мектепке ұлттық тәрбиені еңгізіңдер. Баланың қарнын емес санасын тойғызыңдар! Ішер асын емес, адал арын ойлайтын ұрпақ тәрбиелейік!
Ажар Момбек
Фейсбуктегі парақшасынан