Осы пендешілік мінез қазақтың түбіне жетпей қоймас

Осы пендешілік мінез қазақтың түбіне жетпей қоймас. Кімнің жүрегі бүтін дейсіз бүгінде. Қайсымызды түртіп қалсақ, ар жағымыздан өзге  түгілі, өзімізге  мойындамайтын  жараның  беті тырналып  шыға келеді. Сөйте тұра басқаның мініне, басқаның қайғысына бір жерімізді  ашып күлеміз ау. Ертең өз басымызға келмейтіндей. Періште тек көкте ғана екенін естен шығарып алып  жатамыз.

Журналистік қызметімде де, одан кейінгі жылдарда да, талай тағдыр иелерімен тілдестім. Әр қайсысының тағдыры бір кітапқа жүк боларлық хикая. Қолымнан елгенше, болмағанда, сөз жәрдемімді беруге тырыстым.

Адам үш күннен соң көрге де үйренеді деген рас сөз екен. Ит жанды адам баласы-  тағдырдың қандай тауқіметі болса да төселеді екен. Жігері мықтылар бұл күресте жеңеді. Жігері жоқтары мойынсұнады.

Өзім де бір адамға жетерлік өмірдің емтихандарымен күресіп келемін. "Ай осы жолы құлағанымнан енді тұра алмайтын шығармын", - дегенімде, жаратқанға мың шүкір, әйтеуір бір от алыстан жыл етіп тұрғызады ғой.

Байқағаным әйел адамдар 40 жанды деген сөздің растығы екен. Жылап- жылап бір босап, басымызды тік көтеріп, түк болмағандай күліп жүре береміз.

Ал бұл жағдайда ер-азаматтарға қиыныр-ақ. Кейде аяп кетемін ғой сол кісілерді. Іштей тынады. Іштей бәрін жұтады. Оларға жылауға болмайды. Ол аз десе қасындағы жарын, қызын жұбату керек.  Өзінің жарасы қансырап тұрса да. Басымды иемін ғой бәрін көтере алатын жүректеріне)))

Адам болған соң, бәріміздің де бір басымызға көтере алатындай сынақ түскен, алда беруі де мүмкін. Қандай қиындық болса да, ең басты емтихан ол адамдығыңа деген сынақ. Қандай тауқіметте де осы атқа лайық болып өте алсаң ғана адамсың. Әйтпесе ит болып, әркімнің обалына қалып өмір сүргеннің  несі жақсы?

Бастысы Алла баламен және денсаулықпен сынамасын. Қалғанының бәрі сәтін салса шешілетін дүниелер....

P.S Түнгі емес кешкі ойлар сериясынан))))

 

 

Жанерке Жұматаева

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста