Осы диплом неге керек, не оқып, не қойғаным есімде жоқ

90-жылдардың ортасы. Кластастарым 11-класс оқып жүр. Мен болсам "Ағажай, Алтайдай жер қайда!" деп әндет-е-е-еп жайлауда мал бағып жүрмін. Мектептен шығып кеткем.
Бір күні "қойға жетпес қой торы" атыммен таудан түссем, әкем келіпті ауылға. "Осылай жүресің бе, оқуға тапсыр!", - деді. "Ой, әке, Сіз сияқты "мент" болмаймын. Бұрын сіздердің беделдеріңіз болды. Қазір ешкім сыйламайды", - дедім. "Енді кім болмақсың?!". "Жазушы болам!" дегенсің ғой. Әдеби кітап көп оқып қойғанның кесірі.
Малдың жапасы жабысқан керзі етікті туфлиге ауыстырып Алматыға жетіп келдік. ҚазҰУ алдында студенттер сарайының іргетасы қаланып жатыр. Асфальтті жатырқай басасың. Таудан түскен тағымыз әшейін.
1996-жылы алғаш рет "тест" деген жүйені енгізіпті. Сол нәрсені тапсырады екенсің. Өткендер бюджетке, өтпегендер ақшасы болса, "коммерческий" дегенді төлеп оқуға болады екен. Грант дегенді естімегенбіз. Тапсырдық. Тест деген дүние жақсы екен. Дайын жауаптары тұрады. Ұмытып қалғандарыңды еске түсіреді бірден. Содан сол бюджетте оқитын болып журфакка түсіп кетіппін.
"Осы диплом не керек әкесс...!" деп жүрдік сүйретіліп төрт-бес жыл. Не оқып, не қойғаным есімде жоқ. 1500 теңге стипендия түскен кезде екі күн ет қосылған тамақ ішетініміз ғана есімде қалыпты. Болды.
"Болды" деппін ғой. Болғам жоқ. Айтайын дегенім, диплом керек екен. Кадровиктің отчеті үшін. Для галочки. Формальность. Ал негізгі керегі білім мен мол тәжірибе. Ол да жоқ болса болады. Бірақ "көкең" болу керек. Ң-ды, Р-ды айтпай-ақ жүре бересің. Сол. Болды.
Айтпақшы, гранттарыңыз құтты болсын! 4-5 жылдан соң сатып алған дипломды емес, біліммен алған дипломды жууды жазсын!

Айдос Жұқанұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста