Орыс тілі мен мәдениетінің жақсылығын қазақ тілді ортада әлі дұрыс бағаламай келеміз

Егер кезінде Кеңес Одағының құрамына енбей қалсақ, қазір Пәкістан, Ауғанстан сияқты елде тұрар ма едік? Осы апта осы екі елде түсірілген деректі фильмдерді көрдім. Сабаққа керек болды.

Егер Қазақстан тарихында Кеңес кезеңі болмаса, мені 15 жасымда еріксіз күйеуге беріп, әріп танымай, базарда шай сатып жүруім әбден мүмкін екен. Немесе далаға жалғыз шығуға қорқып, күні бойы үйден шықпай ерігіп, кесте тігіп отырады екем.

Ашаршылық, соғыс, басқа нәубеттерге қарамастан, Советтердің Қазақстанға келгені минус емес, плюс болды.

Сосын баяғыдан айтайын деп жүргем. Қазақ тілінде сөйлемеген адамды елден қуу керек деп лепіріп жүретін псевдопатриоттар мен нацистерді лентамнан тазалап тастағаныма көп болды. Орыс тілі мен мәдениетінің бізге берген жақсылығын қазақ тілді ортада әлі дұрыс бағаламай келеміз.

Update: қызық талас тудырған пост болды. Бір қызығы, маған қарсы тұрып жатқандар шетінен ер адамдар. 15 жасында ерге сатылып кетудің барлық үрейін көздеріне елестете алмаған-ау тегі)). Мен айтып отырған фильмдер:

Пәкістан туралысын Пәкістандық режиссер түсірген. Among the believers деп аталады.

Ауғанстандағы оқушы қыздар туралы фильмді америкалық режиссер түсірген, ауғандық көмекшілерімен бірге. How to learn to skate in the war zone, if you are a girl деп аталады.

Ақсәуле Альжан
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста