Өмірдің әділетсіз екенін біліңіз және сәтсіздікке жиі ұшырайтыныңызды ұмытпаңыз

Өмірдің әділетсіз екенін біліңіз және сәтсіздікке жиі ұшырайтыныңызды ұмытпаңыз

Мен сіздерге шабыт беретін мотивациялық жазбаларымды жиі жариялап жүрмін.

Бүгін өзімді шабыттандыратын бір мотивациялық текстті жариялағым келіп тұр. Ол америкалық әскери адамның өзінің курсанттарының алдында сөйлеген сөздері еді.

Егер әлемді өзгерткіңіз келсе, ең бірінші, таңертең тұрғанда төсегіңізді жинап кетіңіз.

Мұны істегенде сіз бір күнге берілетін тапсырманың ең біріншісін орындайсыз. Өзіңізге көңіліңіз тола бастайды. Ол сізді екінші тапсырманы орындауға шабыттандырады. Одан кейін үшіншісін, төртіншісін, оныншысын орындайтын боласыз.

Ең бірінші тапсырманы орындау қалған тапсырмаларды орындауға күш береді.
Таңертең өз төсегіңді жинау арқылы кішкентай істің үлкен мағынасы болатынын түсінесіз.

Егер сіз кішкентай тапсырманы орындай алмасаңыз, онда сіз үлкен тапсырманы да орындай алмайсыз.

Егер бүгін ойға алған шаруаңыз іске аспай үйге салыңыз суға кетіп оралсаңыз, сіздің төсегіңіз тап-тұйнақтай болып жиналып тұрады. Жинаулы төсек сіздің көңіл-күйіңізді көтереді.

Ертең бәрі жақсы болады.

«Теңіз мысығы» арнайы жаттығуына қатысқыңыз келсе, онда сізге күрделі тренировкадан өтуге тура келеді. Сіз теңізде үлкен қашықтықты бағындырып, жүзіп өтуіңіз керек.

Алғашқы тенирока – түнде жүзу.

Инструктор нұсқаушы сізге теңізде акулалардың қандай түрлері кездесетінін аса бір ыждаһатты шабытпен түсіндіре бастайды. Және ол осы уақытқа дейін акулалардың бір де бір курсантты жемегенін айтады. Былайша айтсақ, ондай фактіні ешкім естімеген.

Егер акула ашық теңізде сізді қоршап алса, онда орныңыздан қозғалмаңыз. Қашпақ болып, жанталасып жүзбеңіз. Қорыққаныңызды көрсетуші болмаңыз!

Егер аш акула сізді талғажау еткісі келіп, үлкен жылдамдықпен сізге атылса, тұмсығынан бір қойыңыз! Акула теріс бұрылып өз жөніне кетеді.

Әлемде акула көп. Егер сіз ашық теңізде еркін жүзгіңіз келсе, сіз бәрібір акуламен кездесетін боласыз.

Егер әлемді өзгерткіңіз келсе, акуладан қорықпаңыз.

Алғашқы аптадағы ауыр тренировкадан кейін «теңіз мысығы» деп аталатын менің тобымдағы 150 курсанттан тек 42 адам ғана қалды.

6 қайықта 7 адамнан отырдық. Мен ұзын бойлы жігіттерден құралған қайықта едім.

Бірақ жаттығу қорытындысы бойынша аласа бойлы жігіттер отырған қайық жеңіп шықты. Біз оларды «Манчкин тобы» деп атадық. Олардың бойы 1,67 см-ден аспайтын. Бұл топ бір үндістен, бір афроамерикандықтан, бір американдықтан, гректен, итальяндықтан және екі орта азиялық жігіттен құралған еді.

Олар барлық топты алдымен қуып жетті, сосын басып озды, одан кейін жеткізбей кетті.

Ұзын бойлы жігіттерден тұратын топ үнемі аласа бойлы жігіттерге күлуші еді. Олар, әсіресе, кішкентай аяқтарына кішкентай желбезектерін кигенде мазақ қыла бастайтын. Бірақ әлемнің әр түкпірінен келген бұл аласа бойлы жігіттер күлуге асықпайтын. Қалай екені белгісіз, олар ең соңынан шықса да өзгелерді шаң қаптырып кететін. Жағаға үнемі бірінші келеді.

«Теңіз мысығы» жаттығуы бәрімізді теңестірді.

Сенің жеңіске деген ұмтылысың ғана маңызды.

Сенің түр-түсің, ұлтың, білімің, тіпті сенің әлеуметтік статусың да маңызды емес.

Егер сен әлемді өзгерткің келсе, адамдарды жүрегінің кеңдігімен өлше. Оларды бойының аласа, биіктігімен бағалама.

9 аптаға созылған жаттығу аптасын «тозақ аптасы» деп атап кеттік.

6 күн ұйқысыз өткізесің. Саған физикалық және моральдық қысым көрсетіледі.
Бір күні айдаладағы бір мибатпақта (Сан Диего мен Тихуана арасындағы Тихуана мибатпағында) ең ауыр сынақтан өтесің.

«Тозақ аптасының» ең кульминациялық сәті осы мибатпақ болар. Батпақта 15 сағат тоқтаусыз жүресің. Сен сай-сүйегіңді сырқыратқан суыққа, желге, тереңіне тартқан батпақ пен инструктордың тоқтаусыз көрсеткен моральдық қысымына қарамай тірі қалуға тиістісің.

Күн ұясына батқанда менің жаттығу тобым бір жерден мүлт кетіп, ереже бұзды. Соның кесірінен бізге батпаққа батуға бұйрық берілді. Ми батпақ бізді мойнымызға дейін жұтты. Батпақтан тек басымыз ғана шығып тұрды.

Инструктор бізге тек 5 адам жеңілгенін мойындаса, батпақтан шығуға бұйрық беремін,-деді. 5 адам кейін шегінсе, жеңілгенін мойындаса біз мына жанды қуырған суықтан құтылатын едік. Айналама көз салсам, бірнеше курсанттың салы суға кеткенін аңғардым. Олар берілудің аз-ақ алдында тұрды.

Таң атқанға дейін әлі 8 сағат уақыт бар. 8 сағат емес, бір ғасырға татитын жанды қарыған мына суыққа адам жанының төзуі мүмкін емес еді. Курсанттардың ыңырсыған даусы мен сақылдаған түстерінен өзге ештеңе есту мүмкін емес.

Дәл осы сәтте бір адам ән салып қоя берді. Ол тіпті ән де айта алмайтын еді. Музыкасын бұзып айтты. Бірақ ол оны үлкен рухпен, аса бір ыждаһатты махаббатпен айтты.

Оған екінші адам қосылды. Сосын үшінші адам. Сосын барлық топ ол әнді хормен айтуға көшті. Инструктор ән айтуды доғармасақ, 8 сағатқа тағы үстеме 8 сағат қосып беретінін айтты. Бірақ біз ән айтуымызды тоқтатпадық

Топырақ жылынып кеткендей, жел кенет басылып қалғандай, таң дәл қазір атып кететіндей күй кештік.

Мен бүкіл жүріп өткен өмір жолымда үміттің қаншалықты үлкен күшке ие екенін түсіндім.

Бір адамның үміті, бір адамның ерік-жігері, бір адамның рухани күші әлемді өзгертеді.

Оған дәлел – Вашингтон, Махатма Ганди, Мандела мен Пәкістаннан шыққан қаршадай қыз Малала.

Бір адам әлемді өзгертеді.

Бір адам миллиондарға үміт сыйлайды.

Егер әлемді өзгерткіңіз келсе, кішкентай тапсырмаларды мүлтіксіз орындаудан бастаңыз.

Өзіңізге көмек қолын созған адамды бағалаңыз.

Барлық адамды бірдей сыйлаңыз!
Өмірдің әділетсіз екенін біліңіз. Және сәтсіздікке жиі ұшырайтыныңызды ұмытпаңыз.

Тәуекелге бел бу! Әрекет қыл! Іске көш! Ең ауыр күндерде де әділетсіздікке қарсы тұр! Езілгендерге қол ұшын бер! Ешқашан жеңілме!

Әлемді бір адам өзгертеді.

Ол – сенсің!

Tanagoz Tolkynkyzy
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста