Өмір жайлы бір мысал

Өмір жайлы бір мысал

,,Ұжым ішіндегі ,,құпия,, ақпараттарды сыртқа таратқан кім,, деп налыды мекеме басшысы. Оның налитындай жөні бар. Себебі, бұл осы мекеменің бұрынғы басшысына қатысты теріс деректері бар мәлімет еді. Ол неге құпия мәлімет екен дейтіндерге айтары: қашанда басқаның осал тұсын іздеу адамды орға да сүйрейтіні бар. Бірақ, адам ертеңі не болатынын білмейді ғой. Сосын әлгі ақпаратты сыртқа таратқан адамды іздеп әлекке түседі. Қол астындағылардың да барлығының аяғын бір етікке тығады. Жұрт аң-таң. Не болғанынан хабары жоқтар арты не болар екен деп тағатсыздана тосады. Енді бір ұжым мүшелері осы оқиғаларды сырттан бақылап, миығынан күледі. Осы жайға әбден қанық біреуі басшының өзі жоғарыдағы ,,құпия,, ақпаратты сыртқа таратқанын көріп, балық басынан шіриді деген ойда . Басшы болса, өзінің бұл әрекетін мүлде теріс емес деген пиғылда. Дау-дамай мекеменің ішін ғана емес, шағын қала тұрғындарын дүр сілкіндіре ді. Шетелде мұндай оқыс оқиға белең алса, ақпарат құралдары тайлы-тұяғы қалмай, өре түрекеледі. Бұл қала тыныштығын ұсақ-түйек мәселеге бола бұзғысы келмегендей. Ақыры мекеме басшысы өзі ұятқа қалатынын түсініп, бәрін жылы жауып қойғысы келе ді. Бірақ, азуын осы оқиғаны қоюландырған қол астындағы бір қызметкеріне батырғысы бар. Өкінішке орай, ол адам басшының қол астында болғанымен, танымалдығы жағынан басшыны орап түседі. Не істеу керек?-деген ойға беріле ді мекеме басшысы. Әлгіні жұмыстан шығарып жіберейін десе, ол бостандық алса, аяғын бұдан да кең көсіледі. Беделін салса, өзіне қауіп те төнері бар. Не болса да, оны өз уысынан әзірге сыртқа шығармау керек. Мүмкін оған тор құрып, оңбай опық жегізудің қамын жасаса ма екен. Одан да түк шықпайтын сияқты. Себебі, ол басқалар сияқты жемқор да емес. Жаны нда жүрсе, ана-мынасын көріп қалып, аяқтан шала ма екен!? Біреудің артынан пәле іздейтін де адам емес сияқты көрінеді. Әлде онымен жақындай түсіп, өз билігін жүргізу үшін пайдаланса ма екен. Бірақ, ол бір еудің ығына оңай жығыла салатын да адам емес. Көбіне ақиқатты басты мүдде етеді. Ондай адамдармен тіл табысу оңай ма? Бір жолы бар, ол - өзің таза болу, адал жіпті аттамау. Әлде жұмыстан шығарып жіберсе ме екен. Бір айтарлығы, ол жұмыстан гөрі, ардың ісін жоғары қояды. Не істесем екен?.. Оны қуғындап, қысым жасасам - менің де а р жағынан таза еместігім. Негізі өзіме жақын ұстағаным абзал ма?! Оның жақындай қоятынына да сенім жоқ. Өзім тым тәккаппарланбай, жасы үлкенін ескеріп , ақылына ден қойса ба екен. Бұл басшы атына сын емес пе. ,,Ұлық болсаң, кішік бол,, деген қазақ даналығы тағы бар. Шынымды айтсам, онымен арамды алшақ салғаннан ештеңе ұтпаймын. Жақындауға да менің нәпсім жол сілтер емес. Меніңше, мұны шешудің бір жолы бар, ол өзім барынша таза болу. Адам таза болса, оған ешқандай кір жуымайды. Басқалар да саған өзі келіп, ортаңа қосылады. Расында, жаңағы адам да таза болса, екеуміздің басымыз бір қазанға сия ма? Ниет болса, бір емес, бірнеше адамның басы ол қазанға сияды. Бізді сыйғызбай жүрген басымыздың үлкендігі емес, ішіміздегі нәпсінің дәулігі. Құйтақандай бас бар құмырсқалар да бір жер кепеге сыйып жүр емес пе. Құмырсқадан да сабақ алайықшы, ағайын!

Бақыт Смағұл
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста