Кеше түнде Монғолиядағы қазақтар мекендейтін қыстақтардың біріне қасқыр шауыпты. Үй иесі иттер неге үріп жатыр деп, қораға барса анау жатқан көкжал бас салған. Жігіт ағасы аш қасқырмен жарты сағаттай жағаласыпты. Келіншегі күйеуін іздеп далаға шықса, қасқырдың үстінде жатқан отағасын көрген. Әйелі сасқанынан өзінің басты қаруы үйіндегі оқтауды алып шығып, көкжалдың басынан ұрып-ұрып жіберген ғой. Ағаш оқтау екіге бөлініп кеткен. Жаны сірі хайуан қыңқ етпепті. Ақыры ашынған әйел бөріні балталап өлтіріпті. Әйелі отағасы мен отбасын, отарын да аман алып қалды. Мықты ерлердің артында аса мықты әйелдер тұрады деген осы енді. Үй иесі қолы жарақаттанып ауруханада ем алып жатыр.
Копжасарулы Ерканат
Фейсбуктегі парақшасынан