“Мұздай (суық) су туралы сыр”

Кішкентай кезімнен бастап тамағым ауырады.
Ангина атты "құрбымыз" сәл бірдеңе болса күшіне мініп шыға келетінін қайтерсің? Шөлдегенде салқын су ішсем де сол ангина, бірдеңеге ренжіп қалсам да сол ангина... (күлмеңіз, дер кезінде шәй ішпесем де сол ангина...)
1996-шы жылдың 29-ақпаны ғой деймін... Осы ерекше бір туған күнімде сырқаттанып тұрсам да шаруалармен Темірлан жақтағы бауырларыма қонаққа бардым. Шынымды айтсам, әрбір төртінші қыс соңында үйіне сүйретіліп әрең жеткен мас секілді туған күнді атап өтпек түгілі өз басыммен (тура мағынасында) әуре болып кеттім, дәл сол кеште... Тамақ дерті күшея бастаса, бастың да маза ала бастайтын әдеті бар еді. Әбден “итім шықты”, қысқасы... Тап сол кезде Иванов қарияның “суық сумен шайыну тәсілі” сәнге айналып, газет пен журналдар бұл туралы жарыса жазып жатты. "Ерекше күнде" езіліп жата бермейін деп сыртқа шықтым. Нар тәуекелдің арқасында "пыссымылда, шипа болсынмен" екі шелек (мұздай) суды бірінен соң бірін төбеме құйып жібердім. Құйған кезде қатты айғайлағаным рас, бірақ, бойыңды шымырлатар суықтан соң өзіңді керемет жеңіл сезінеді екенсің. Тамақ пен бас сырқаты бір сәттің ішінде жоқ болып кетті. Сол күннен бастап, салқын суды төбеме былшылдатып құйып жүрдім: таңертең үш шелек, кешке үш шелек дегендей... 1999-жылдың күзінде автокөлік апатына ұшырап, соған байланысты емделіп жүргенде салқынға шайынуды күрт тастап кеттім. Араға уақыт салып алған соң, қазақ емеспіз бе, кеңесі шипа болған "Иванов ақсақалды" да, ангинаны қуып шыққан мұздай суды да ұмытып кеттік. Қазіргі кезде (оның есесіне) күнара тамақ ауырады: суық су ішіп қалсам да сол ангина, түкке тұрмайтын бірдеңеге ренжіп қалсам да сол ангина, анау-мынауға күйініп-ашулансам да сол ангина... (күлмеңіздер, дер кезінде шәй ішпесем де сол ангина...)
Кейде ойлап қоямын: су құюды неге тоқтаттым деп... Жан айғаймен бірге бойыңдағы дертті қуып шығатын мұздай сумен “достықты” одан әрі жалғастыра беру керек пе еді, кім білсін?
Серік Абас-Шах
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста