Мұң деген сөзді ойыншыққа айналдырып алған жоқпыз ба?
Фейсбуктағы өлеңдерді оқып отырсам "мақпал мұң", "ұлпа мұң", "тәтті мұң"... деп кете береді. Айналайындар-ау, мұңның тәтті немесе басқа болғанын кім сезінген? Сонсын, жасындай жарқырар жастықта әркімге жабысып алған не қылған бітпейтін мұң бұл? Сөз қолданғанда абай болайық та.
Жаратқан сақтаса мұңдылықтан сақтасын!
Төкен Әлжантегі
Facebook-тегі парақшасынан