"Молданың айтқанын істесең де - істегенін істеме" деп көзі жеткен соң айтса керек...
Қыдырып барған қаламда бір туысымның үйі қонаққа шақырды. Қайтарда ас қорыта барайық деген оймен, түнгі қаланы аралап келеміз. Көше бойындағы әдемі кафені "...ұстаздың кафесі" делінді. Сәл жүрген соң үлкен тойхана, енді ұзай бергенде ойын орталығы (комп.центр) сол, айтулы уағызшы молда жігіттікі боп шықты. Қысқасы, бір көшенің бойында төрт бірдей ақша табатын ғимаратын көргенде "Апыр-ай, бір метр арқанның бітпейтін сұрауын біле тұра, мынша табыс көзіне қалайша иелік жасап отыр?" деп, таң қалдым. Сөйтсем, бұдан басқа бірнеше есе екен?.. Кісі қалтасын санап отырғаным жоқ. Болсын. Тек, айтқан уағызы мен ісінің алшақтығына таңырқағанымды айтам. Жәй... Қазақ данышпан ғой, "Молданың айтқанын істесең де - істегенін істеме" деп көзі жеткен соң айтса керек, ә?..
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан