Милары айналып кеткен не деген ақымақ біздің кейбір қазақтар

Есік алдындағы дүкендегі сатушы қыз кассасының қасына кішкентай құрбақаның сувенирін қойып қойыпты. Әдейі сұрадым, «бұл не?». «Апай, фэн-шуй ғой» дейді. «Байлық әкеледі» деп құрбақаны үстелінің үстіне, есігінің алдына қойып қоятын кейбір қазақтардың ақымақтығына таңқалам. Қытай сол құрбақаларын күллі әлемге сатып, оны ірі бизнеске айналдырды. Олардың осы құрбақаларынан түскен пайдасы біздің мұнайдан түскен пайдадан асып кеткен шығар. Біздің қазақтар сол құрбақаны сатып алу жағынан бірінші орын алатын шығар.
Фэн-шуй деген – сандырақ. Секталардың ойлап тапқаны. Сасық суда жататын қайдағы бір қасиетсіз құрбақаны көздеріне құдай көрсетіп қойғанға милары айналып кеткен не деген ақымақ біздің кейбір қазақтар. Бақа-шаянды ең болмаса ішін тазаламай, боқ-соғымен жей салатын азғын халықтың қай қасиеті жұғысты болып жүр біздің қазаққа? «Шкавыңды олай қойсаң, ақша келеді, былай қойсаң, ақыл кіреді» дегенге сеніп жүргендерің рас па?
Әр ұлттың генінде жатқан өз қорғаны бар. Өзгенің ырымы өзгеге қорған болмайды. Өйткені ол геніңде жоқ. Керісінше, ол қырсық әкеледі. Қырық түрлі қырсық әкеледі. Қырық түрлі қырсықтан, тоқсан түрлі пәле бар. Ал қазақтың сенімі ғарышпен байланысып жатыр. Қазақ балшыққа үйелеп жатқан бақа-шаянды пір тұтпайды. Қазақ көкке қарайды. Биікке! Ғарышқа! Өйткені ғарыш таза! Энергия шақырғың келсе, сенім орнатқың келсе, үй ішін аластағың келсе, қазақтың киелі аң-құстары мен адал үй жануарлары бар емес пе? Аспанда қыран, жерде жел жетпес тұлпарың бар емес пе? Бәле-жәле аулақ болсын десең, бүркіттің тырнағын іл. Бөрінің азу тісін сандыққа сақта, ол ырысыңды күзетеді. Көз тимесін десең, моншақ тақ, үй іші ырысты болсың десең үкілі домбыра іл төріңе. Әдемі құмыраға үкі салып қой. Байлық келсін, әрдайым жолым болсын десең, асық бар емес алшысынан түсіп тұрған! Ісім сәтті болсын десең, маңызды ісіңді жаңа Ай туғанда баста. Жаңа туған Айға сәлем бер! Мотивация керек болса, ұлттық-тәрбиелік психологияң бар емес пе тыңдай білсең! Біз дымы жоқ, тамыры жоқ, әркімнің астауына үңілетін қураған ұлт емеспіз ғой.
Қытайландыру құрбақа болып та келіп жатқанына қалай күйінбессің! Енді отырысымыз мынау ауруымызға дейін қытайланып.

Оңайгүл Тұржан
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста