Мешін деген маймыл ма, балық па?

Мешін деген маймыл ма, балық па?

Мешін жылы есіктен кірген сайын маймылдың суретін көшіре басып, бір-бірімізді құттықтап жатамыз... Осы мешін деген не? Бір-екі жерден адамның азғыны дегенді оқыдым. Іздеп көріп едім мандыған еш дерек таппадым. Ал дәл осы ой маза бермей маған телефон шалған, кешірек пост жазған Дәулетхан бауырымның нұсқасы ұнады. Ол әкесі, шежіре қарт, марқұм Қыдырбай айтқан «мешін деген балық еді, қазіргілер маймыл деп кетті ғой. Жылсанақ алты арам, алты адалдан есептеледі» деген бір ауыз сөзді жадында сақтап қалыпты. Рас! Қой, жылқы, сиыр, қоян, тауық-адал, тышқан, жылан, ұлу, доңыз, ит, барыс – арам. Оған мешінді қоссақ арам жетеу болады. Адалдықты арамдыққа бастыру қазақы түсінікке жат. Балық десек тепе-теңдік сақталады. Осы бағытта ізденіп едім бірнеше қызық мәліметке жолықтым. Қытай-Моңғол шекарасында Мечин-Ула деген тау бар екен. Ол Қарлы Таг, Баркол – Таг қыраттарымен ұласып жатыр. Таныс сөздер емес пе, Қарлы тау, Баркөл тауы?! Ал Мечин деген атау тау қойнауы толған жылтыр кристалл күнге керемет шағылысатындықтан қойылған болуы керек. Мешін деп моңғолдар Үркерді (шоқжұлдыз) айтады екен. Сонда бұл Мечин –Улуың бізше Ұлы Үркер тауы боп шыға келеді. Ең қызығы сол шоқжұлдыздың суретіне қарасаң пішіні балыққа келеді. (суретке қараңыз) Бұл тек сәйкестік пе? Мешін сөзі бізге моңғолдан келуі мүмкін бе? Мүмкін...
Екінші мысал, антикалық әдебиетте көкке тіреу болған Атлант пен Плейонадан туған 7–нимфа-қыз жайлы аңыз бар. Плейона - Океан (Мұхит) титанның үш мың қызының бірі. Нимфалар - сылдыраған бұлақтың, сарқыраған өзеннің, самал желдің адами образы. Тағы да алдымыздан суға қатысты ұғым шығады. Сол қыздарды Орион қуалап, өлтірмек болады Мұхиттың үрім-бұтағы құтқара алмаған қыздарды Зевс әке-шешелерімен бірге жұлдызға айналдырады... Осы тұста өз әкемнен естіген Үркердің сұлу қызы жайлы аңыз еске түсті. «Жеті қарақшы Үшарқарды (Үркер) ұстап алса оның қос жүйрігін тартып алады да,Үркердің сұлу қызын қуып жетеді» дейтін оңашалау үш жұлдызды көрсетіп. Антикалық әдебиетпен салыстырсақ Үшарқар қыздардың соңында кетіп бара жатқан Атлант пен Плейона және сіңілілерінен сәл қалып қойған Алкиона. Әкем «Қарақшылар Үшарқарды ұстаса ақырзаман болады» дейтін. Демек, қуғыншыдан аспанға қашқан қыз (дар) жайлы аңыз қазақта да бар. Үркерді қатты қадірлеген қазақ орта ғасырларда моңғолдан мешін деп қабылдаулары мүмкін бе, оның көзге қанаты жайылған балықтай көрінетін пішініне қарап «балық» деулері мүмкін бе? Оның үстіне қазақтың жайсыздау келетін жылды «тас мешін» дейтіні бар. 19-20 жылдардағы, 32-33 жылдардағы ашаршылықтар осы «тас мешінде» болған... Жүндес маймылға қарағанда денесі жылмағай, қолға қатты балық «тас» дегенге келіңкірейтін іспетті. Бұған қоса «Қазақстанның кей өңірлерінде су кенесін мешін деп атайды» деп жазылып тұр Викепедияда. Тағы да су жәндігі?! Ал мешіннің маймыл болуы соңғы бір ғасырда «год объезяныдың» қатты жарнамалануынан болса керек... Соны аударып маймыл деп кеткенбіз... Менің ойымша. Сіздер не дейсіздер?
ПЫ.СЫ. Айтпақшы ... жылы құтты болсын!

Серік Әбікен
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста