Мәселе мүсіншінің кімді "шешіндіргенінде" ғой...
"Қазақтар - надан, жабайы, әлемдік мәдениеттен мақұрым! Сонысына қарамай, өздерінше әсіремәдениетті бола қалыпты". Жириновский айтты деп ойлап қалдыңыз ба? Жоқ. Ол емес! Кәдімгі өзін жер бетінде қалған жалғыз ұлтшыл, нағыз намысшыл қазақ сезінетін әлдебіреулердің "әләуләйі" бұл! Олардың Астанадағы қазақ қызының жалаңаш мүсініне қатысты наразылық білдірген топты мұқатқан сиықтары осы болды.
Айналайындар-ау, Италия мен Англияның беткеұстар өнерінің бірі сондай статуэткалар екенін біз де білеміз! Қазақ мүсіншісінің сол үлгіде лыпасыз бұт пен төстартқышсыз емшек жасағаны таңсық болып көрінген жоқ. Бірақ, мәселе оның кімді "шешіндіргенінде" ғой. Қазақ қызы, анау жалаңбұт тұрған! Жайшылықта әйел туралы сын бола қалса, "Өздеріңнің аналарың, әпкелерің, қарындастарың жоқ па?.. Бытықы-шытықы" деп түкіріктерін шашыратып шыға келетін қыздар да, қыз еместер де: "Ойбай, бұл әлемдік өркениеттің бір ұшқыны ғана ғой!" дей қойыпты. Сол "әлемдік өркениетің" біздің көзімізге СЕНІҢ, қарындасымыздың, әпкеміздің тәнін киімсіз көрсетіп отыр-ей, ақымақ! Керек десең, порно да - бастауын солардан алған "озық мәдениет"! Қазір ағылшын мен италияндықтар азғындықтың шегіне жеткендерін дәлелдеу үшін бір-бірінің аузына үлкен-кіші дәреттерін сындыруда. Қане, келіңдер, біз де сөйтейік! Бұт қымтаған жабайылықты тастайық, құрысын! Қалмайық, әлемдік көштен!
Еркеғали Бейсенов
Facebook-тегі парақшасынан