Маған неге кездеспейді деуші ем, көрдім ғой соларды...

1 қаңтар..
Алматыда күн керемет енді, жып-жылы. Көше де тып-тыныш, сапырылысқан машиналар жоқ, олардың "жол бер, былай тұр, мен келемін" деген гудоктары да естілмейді.
Жұмыстан шығып, тып-тыныш көшемен, жып-жылы күннің аясында рахаттанып тұрып келе жатқам үйге қарай, түстік ішуге..
Алдымнан екі келіншек шыға келмесі бар ма? Әп-әдемі, тап-таза тиянақты киінген, қазақтың қара көз қыздары.
- Сәлеметсіз бе?-деді қара торысы..
- Амансыздар ма!?
- Сіз, бір бес минут уақытыңызды бөле алмас па екенсіз бізге?
- Иә,бөле аламын..
- Сізді мазалап жүрген, шешімін таба алмай жүрген сұрақтарыңыз бар ма?
- Түсінбедім..
- Әр адамды мазалайтын сұрақтар болады ғой, сол сұрақтың жауабын қалай табасыз, ондай жауабы жоқ сұрақтар сіздің басыңызда да бар-ау..?
- Менің басымда шешілмеген мәселелер бар, ал сұрақтар жоқ! Мен ғалым емеспін, сұрақ мазалайтын және қиялдайтын жастанда өтіп барам, мені сұрақ не үшін мазалауы керек? Ал, проблемалар бар, оларда уақыт өте шешімін табар Алла қаласа! - деп күлдім ))
(ішімнен ойлап қоям: социологтар ма екен, әлде статистиктер ме? Адамдармен сөйлесіп, бір нәтижеге қортынды шығаруда. Қой, қиқаңдамай дұрыс жауап берейін, бұлардың шешімімен біздің қоғамның қазіргі жәй-күйі түйінделеді ғой)
- Сіз Алла дедіңіз, сол Алла бар ма? - деп ойланбадыңыз ба... Міне мазалайтын сұрақ деген осы.
- Ол сұрақтың жауабын баяғыда-ақ, бала кезімде әжем беріп тастаған!
- Көкейіңізді түрлі сұрақ мазаласа, біз көмек етіп, жауабын таба аламыз! Мысалы: ... (кәзір тоқтай тұрыңыз деп сумкасынан "киелі кітап" деп аталатын, кішкене сұр кітапшасын шығарып, ішін аша отырып бір бетінен оқи бастады)
- Сіз Алла деп жүргеніңіз, ол шынтуайтында Алла емес! Оның есімі, дұрыс аты: Ехоба! Оны кезінде бұрмалап жіберген, дұрысы ЕХОБА!
- Алланың 99 есімі бар, бірақ арасыннан "Ехоба" дегенді естімедім.
- Сіздің айтып тұрғаныңыз сипаттары ғой деді екіншісі (екеуі мені айналдыра бастады, Исламнан хабарлары бар екені көрініп тұр)
- Бізге келіңіз, телефон номеріңізді айта қойыңыз, бізде іште білімді керемет жігіттер бар, солар сізге тиянақты түсіндіріп береді, - деп соткасын дайындай бастады.
- Вербовщиктер ма? - деп күлдім (күннің әсері ме, қатты қалжыңдасқым келіп кетті)
- Жоқ, олар жақсы түсіндіреді (қарап тұрмын, менің сөзіме еш ренжімейді)
- Өздеріңіз Аллаға іштей сенесіздер, қиналған сәтте сол Алладан медет сұрайсыздар, неге мынаны үгіттеп жүрсіздер? -деп қарсы сұрақ қойдым.
- Ия, біз Ехобаға сенеміз, Алла деген сол. Алла деп білімсіздіктен айтқан. Дұрысы Ехоба! Бізге келіңіз, бізде өзіңіз секілді жастар көөп, әсем қыздарда бар (еркектің осал жері деп осылай әсер етуде олардың бір айласы деп білемін)
Іштей ойлап тұрмын: шытырман оқиғаны жаным сүйеді, барып келсем бе Ехоба сектасына. Кімдер бар екенін көріп, байқап көрейін ба? - деп қоям... Ай, қойш! Нем бар? Сеніміме секет түсіріп, әлсіретіп деп ойлап, кетуге ыңғайландым..
- Бізге келіңіз, көресіз бәрін. Ақша жағы мазалай ма, оныда қалай табудың жолын айтамыз.
- Жоқ! Бұл қылықтарыңды қойыңдар! Қазақтың қыздары екенсіңдер, қазақша тап таза сөйлепте тұрсыңдар! - дедім сенге көшіп. Мен: - Алланы Жаратушы деп танимын және одан өзге Құдай жоқ деп білемін! Оның елшісі, әрі құлы Мұхаммед (с.ғ.с) ақыреттік пайғамбар! Өздерің кеткенмен қоймай сектаға, өзгені тартудасыңдар! Бұл ауыр күнә! Адаспаңыздар, - дедім де кете бардым.
Сары шаштысы артымнан ере келіп: - Біз, Мұсаны да Исаны да пайғамбар деп білеміз! Біз бәрінің ілімінің кереметтерін алдық!Мұсылмандардыкі жалған, олар Иса, Мұса және өзге пайғамбарлардан тек Мұхаммедті ғана таниды...
- Неге? Мен Мұса (Моисей) мен Исаны (Иисус) және өзге де пайғамбарларды, Алланың жіберген елшілері деп білемін, танимын, мойындаймын! Бірақ олардың уақыты өткен. Алла Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарды елші қып жіберген кезде-ақ олардың миссиясы тоқтаған. Әйтпесе Жаратушы Алла Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар қып жібермес еді! Сондықтан арам тер боп, өзгенің қол шоқпары боп еліңе қауіп төндірмей (теріс идеология ең зор қауіп) жайларыңа қарап жүріңдер! - деп кете бардым..
Алдымнан намазхан жігіт (сақалды, қысқа балақты) пен келіншек (хиджаппен) келе жатты, балалар арбасында кішкентайлары бар. Солар маған қарап қапты, дауысым қатты шықса керек, не Алла, Мұхаммед деген сөздерді естігеннен кейін бе?
Менде артыма қарап қоямын, ана екі әйел оларға уағыз айтама деп.
Жоқ, жоламады, теріс бұрылып ап қашты.
Тағы ойлаймын іштей: хиджапты араб киімі деп мойындамайтын ем, бірақ сол хиджап пен сақал адамның қорғаны екен-ау, аналар жолай алмай зытты ғой деп.. ))
Пысы: Жұрт сектанттар туралы айтқанда, осы маған неге кездеспейді деуші ем, көрдім ғой соларды ақыры ))

Есбол Махисов
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста