Көзің түсіп кеткен жердің бәрі асау, жеу, пайда табу...

Адамда қанағат, Құдайшылық болмаса, оның әдемі боп, сұлу ғұмыр кешкенінен не пайда?
Жан-жағымнан, қоғамнан, ортамнан, көшелерден ар-ұяттың сатылғанын көп көрем.
”Дәніккенен құныққан жаман”. Көрмейін десем көзім бар. Айналам айлакер, зуылдақ, “есебін тауып екі асағыш”, арын беліне түйіп алып, арсыздықтың түр-түріне шімірікпей бара алатын адамдарға толып кеткен бе, Құдай!
Құдайдың есебінен асқан есеп жоқ екеніне сенсе, нәпсісін тияр еді ғой!
Әй, өмір алдап-арбау, қара бастың күйін күйттеуден тұрмайтын шығар? Бір қарынды тойдыру қиын емес. Қарынның қамынан ары аспайтын боп алдық. Ардың қамы әдірем қалды. Надандыққа бару үшін көзіңді шел қаптаса болғаны! Алайда, сол айлакерлік пен көрсеқызарлықтың, қиянаттың көз жасы болады екен, түбінде. Ол өте ащы...
Шамаң жеткен жерге дейін сайра, сайран құр, құп! Жүрегін дүниәуи ойменен кірлеткен адамның көкірек-көзін ашу оңай емес. Ол ешнәрсені де жанымен ұқпайды. Пішту дейді, маңдайы тасқа тимейінше.
Керісінше “мен дүниедегі ең ғажап, ең мінсіз адаммын” деп есептейді, өзін. Ал, тірлігінің, пейіл-ниетінің Құдайға да, адамға да қайырсыз екенін іштей сезеді. Адамның жақсылығы да, жамандығы да өзіне аян. Өз арының алдында мойындамай қайда барады дейсіз, ақиқатты? Бірақ, мойындау бөлек, түзелу бөлек. “Жақсы арына құл, жаман малына құл”. “Ар жазасы бар жазадан да ауыр.” дейді, Шәкәрім. “Ар - әр адамның өз соты”, бұлғақтай алмайсың дым да. Оқисың, көресің, естисің... Сосын ойланасың. Сенен өзгенің бәрі епті боп көрінгенде “мен осы жындымын ба-ей!” дейсің.
Көзің түсіп кеткен жердің бәрі асау, жеу, пайда табу, дүние қору, дүние еселеу. Одан қала берді бірін бірі аңдыған жұрт. “Қай жерден, қандай ши шығып қалар екен?”. Сонда олар таңертең нені ойлап оянады? Осыдан өзге түк жоқ па, сонда?! Ізгілік қайда, жайбарақат, берекелі өмір қайда? Жан қайда? Тұншығып өлетін болдық, рухани тозып. “Тумақ, өлмек - тағдырдың шын қазасы”. Өлместейміз әйтеуір. Қисапсыз, соншама тойымсыздықтың, пасықтықтың орнын екі шай қасық топырақ толтыратынын ойлауға болмай ма? Бір сәт.
“Өмірдің өкінбейтін бар айласы,
Ол айла-қиянатсыз ой тазасы”, тағы сол Шәкәрім. Өмір бар жерде өлім бар, бір өлеріміз хақ! Міне, сол күнгі өкініштің қандай болары бір Құдайға аян. Ал, қазірге жүре тұрыңыз. Жүре тұрайық! Қармана берейік, тіршілік, күнкөріс керек қой...
Көршім бар, сексенге таяған. Кезектесіп барып барып тұрамыз, арасында. Балалары жұмысбасты. Дәуренді сүрген! Бұғалтір болған. Ал, қазір ол кісі үшін бәрі баянсыз. "Мен не істедім, өзі?” деп күбірлейді...

Алия Кудайбергенова
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста