Көмекті тағы да сол өлмелі күнін көріп жүрген халықтан жинамасыншы...

Көмекті тағы да сол өлмелі күнін көріп жүрген халықтан жинамасыншы...

Қайырлы күн, құрметті Қазақ елім, кешегі түбіміз бір, бір тамырдан бұтақ жайған, түркі тілдес түрік бауырларға сөзсіз көмек беру керектігін бәріміз жақсы түсінеміз, алайда айта кететін жағдай елімізде де көмекке мұқтаж жандардың өте көптігін неге қаперден шығарамыз және осындайда неліктен айтпасқа болмайды, мысалы қатерлі ісікпен ауыратын жандардың өте көптігі және олар отасына қайыршының күніндей халыққа үміт артып ақша жинауға мәжбүрлі болуда, мұнан өткен масқаралық жоқ, ал ҚР Денсаулық министрі Ажар Ғинаяттың жауабы қатерлі ісікпен ауыратындардың отасына мемлекет тарапынан қаражат қарастырылған дейді.
Ал мына қарама қайшылықты қалай түсінуге болады. Сонда менен оталарына көмек сұрап жазып жатқан мұқтаж жандар саны өте көптігіне не деуге болар екен, әрине, өз тарапымнан көмектесіп келемін, сонда министр Ажар Ғинаят науқас жандардың емдеріне дер кезінде көмек көрсетпей, оларды елден алақан жайдырып қаражат жинауға жеткізген болып отырса, онда ондай Министрдің керегі не!?
Кәзір ғана, өкімет Басшысы хабарласып, ҚР Президентінің тапсырмасымен түрік бауырларға көмек жөнелтейік деп едік, сол көмекті Сіздің ұшақпен жеткізсек қалай болар екен, Саке - деген өтініш білдірді!?
Мен үшін кімнің тапсырмасы екен деген бөліну жоқ, бірақ айтарым ұшағым әлеуметтік жағдайы күйреп отырған өзімнің туған елімнен ешқашанда ақша немесе басқадай заттарды алып шықпайды, өйткені біздерге біреуді жарылқамас бұрын өзіміздің халқымыздың әлеуметтік мұқтаждықтарын қалыпқа келтіруді ойлайтын кезіміз келді ғой, Ағайын!
Сөзсіз, апат айтып келмейтінін, осындай жан түршігерлік қайғыға батқан бір тамырлы түрік ағайындарымызға көмектесу керектігін азамат ретінде толық түсінемін және мен де пендемін жаным ашып отыр, бірақ өкімет көмекті тағы да сол өлмелі күнін көріп жүрген халықтан жинамасыншы!!!
Құрметті тілекшілерім, күндеріңіз шуақты, көңілдеріңіз жайлы өтсін, аман болыңыздар, біз қасіретті түсінетін халықпыз, сондай-ақ қайрымымыз мол ұлтпыз, түбі бір түрік елінің қайғысына бір кісідей ортақпыз, Аллах оларға сабыр берсін, енді мұндай қасірет қайталанбасын! Еліміз тыныш болсын!!!

Сакен Салыков

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста