Көлделең көк атты тізгіндеп кете беретін бұл журналистиканы қайда апара жатырмыз?!
Қазақ қоғамында өз саласында белгілі бір табысқа жете алмаған немесе әлде бір кездейсоқтық жағдаймен жұртқа жүз таныс болған кейбір тұлғалар бүгінгі күні телеарналарды төңіректейтін болып алды. Бірқатары телеэфирге жайғасып, журналистердің дайындап берген мәтінін шала-шарпы айтқандарына мәз. Енді бір тобы бетінің әрі барын пұлдап тележүргізуші болып әлек. Тағы бір шоғыры журналистиканың не екенін білмесе де әртүрлі, форум, симпозиум өткізіп, ол жерде баяндама жасап, кәсіби журналистерге жөн сілтеп әуре.
Ал, журналистика факультеттерінде өмірінде баспасөз редакциясының есігін ашып көрмегендер теориядан дәріс оқып, жөні түзу мақала жазып көрмеген, қалың оқырманға беймәлім біреулер практикалық сабақтардан жастардың «шеберліктерін шыңдап» бәйек.
Сонда кім көрінген көлделең көк атты тізгіндеп кете беретін бұл журналистиканы қайда апара жатырмыз?!
Қуандық Шамахайұлы,
Facebook-тегі парақшасынан