Кодекс Куманикус
"Кодекс Куманикус" деп жүргеніміз - "Құман-қыпшақ кодексі". Венцияның Қасиетті Марк кітапханасында жатыр. Қыпшақ кітабын кітапханға Италияның ұлы ақыны Петрарка сыйға тартыпты. Кітап ақынның қолына қалай тап болды, ол жағын әзірге нақты білмеймін, бірақ, жазбаның адамзатқа ортақ рухани құндылық екенін қапысыз таныған үлкен жүректі адам оны көзінің қарашығындай сақтағанға ұқсайды. Кітапты ашып оқығандар алғашқы сөйлемнің бірі "Бит Тәңірі..." деп басталатынына бас шұлғиды. Яғни, "Бір Тәңірім..." Көне қыпшақ тіліндегі 42 жұмбақ осы кітапта жасырылған. Меніңше, кітаптың көшірмесін тездетіп алдыру керек. Куманикус туралы алдымен айтармыз - осы. Қалған әңгімені кейін кеңейтіп жаза жатармыз...
Дәурен Қуат
Facebook-тегі парақшасынан