«Киіктің өзі рұқсат етті» деуден танбайды...

«Киіктің өзі рұқсат етті» деуден танбайды...

Киіктің киесі

"Өр, өрме" деп шулатпасақ жүре алмайтын болдық қой... Күні кеше ғана елдің бәрі ен далада киіктің төлімен суретке түсіп, одан соң бірі "болады", бірі "болмайды" деп қырық пышақ болдық. Тіпті, табиғатты қорғаушы инспекторлардың өзі екіге бөлініп, кімге сенерімізді білмедік. Енді Экология министрі "төлдеген кезде суретке түсуге болмайды" деп жатыр екен. Ақиқатында кімге сенеміз, өзі?.. Расы керек, жұмыс үстелімде құралай суретінің тұрғанына екі-үш жыл болды. Әлі өзгертпедім. Бала кезден көзге ыстық түз жануары. Өйткені, киік деген кезінде біздің жақта жыртылып-айырылатын. Ауыл іргесінен үйір-үйірімен өткенде сағмыдай жөңкілгенін талай рет көрдік. Киік десе, бала кездегі бір оқиға еске түседі. Біздің ауылда Қара ұста және Сары ұста деген кісілер бар еді. Сары ұстаның көзін көрдік. Қолы қалтырап отыратын. Сөйте тұра құлып жөндегенде алыстан ұстап тұрып балғамен ұрғанда кішкентай шегелерін қағып түсіретін. Сол кісінің мына бір әңгімесі есімде қалыпты.
"Жас кезімде киікке шығатынмын. Бір күні судың басында кішкене шұңқыр қазып алып, сонда тығылып жатқанмын. Үстімді шөппен жауып алып, мылтықтың ұңғысын шығарып жатырмын. Түс ауа киіктер суға құлайды, сол кезде мүлт кетпеуім керек. Бір заматта төбенің басынан бір топ киік көрінді. Ішіндегі біреуі олардың иіріп қойды да, өзі көлшікке қарай беттеді. Құдды бір мені байқағандай көлге бармай тура менің алдыма келіп тұрды. Аталығы екен. Көзіме солай көрінді ме, білмеймін, тұрқы әдеттегі киікке ұқсамайтын секілді. Мылтықтың ұңғысын иіскеп сәл тұрды да кері қайтты. Сосын үйірін көлге беттетпей әрі қалай алып кетті. Киіктің иесі, киесі шығар деп атуға қорықтым. Атпадым"
Бала болғасын ба, Сары ұстадан "содан кейін киікке шықтыңыз ба" деп сұрамаппыз. Расында, әр жарталыстың киесі бар ғой. Бала кезімізде, сонау тоқсаныншы жылдары біздің ауылға киік аулайтындар жиі келтін. Тек қана мотоцикл мінетін. Бәрі мүйізі үшін аулайтын. Көбісін танитынбыз. Ауылдағы біреудің алыс танысы, бірінің алыс жиені дегендей... Солардың кейінгі тағдырының қатты оңғанын көрмеппін. Киіктің киесі деген сол шығар. Әрине, мүйіз үшін қырып салу мен суретке түсу екі дүние. Айтайын дегенім, түз тағысы тұрмақ қораңдағы төрт-түліктің ең жуасы қой төлдегенде кейде тепсініп, оқыраңдап шыға келеді емес пе. Өліп-өшіп жолатпайтындары да бар. Оның қасында қуалап жүріп киіктің лағымен суретке түскендердің тірлігіне не деріңді білмейсің. Тіпті, шу қатты ұлғайса “киіктің өзі рұқсат етті” деуден танбайды-ау))))

Мақсат Рамазан

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста