Іріткі салу арқылы бала-шағасын асырап отырғандар бар

Іріткі салу арқылы бала-шағасын асырап отырғандар бар

Өзіңдікінен бөлек ұлтқа деген шектен тыс жеккөру қайдан пайда болады?
Зерттесек, екі себебі болады екен.
Біріншісі - қарабайыр ксенофобия (бөтен тектіден жирену). Бұл барлық хайуандарға тән биологиялық түр арасындағы инстинктивті түйсік. Яғни, былайынша айтқанда, жылқыларға сиырлармен, сиырларға шошқалармен жыныстық қатынасқа түсуіне кедергі болатын түйсік.
Биологиялық тұрғыда, бұл - норма. Адамға хайуандардан мұра боп қалған бұл түйсік, дегенмен әлеуметтік тұрғыда һәм бір түрдің шеңберінде патология - ауытқу.
Бұны эмоциялық жетілу, сауат арттыру мен сана-сезімнің ұлт шеңберінен тыс, адамзат деңгейінде ойлау қабілеті арқылы жеңуге болады.
Екінші себеп қиындау. Адамдар тым көбейіп, Жер планетасының басым бөлігіне жайылғалы бері, оларды бір көсемнің билеуі қиындай түсті. Ол өз кезегінде, ежелден келе жатқан "Бөліп ал да, билей бер" қағидасын тудырды. Яғни, тобырдың маңдайалды адамдары халықты тұрған жеріне, түр-түсіне, тіліне қарай бөліп билеу ыңғайлырақ екенін түсінген болатын.
Ол қағида бүгінге дейін өзекті. Бүгінге дейін саясатта қарқынды қолданылады.
Оның үстіне, адамдардың арасына іріткі салу арқылы бала-шағасын асырап отырғандар бар. Кей беделді адамдарға халықтың біріккені тиімсіз. Осы айтылған топтардың барлығының қолынан нан жеп қалуға тырысатын тарихшылар мен журналистерді және қосыңыз.
Қаратабан пролетариатқа тек осылардың қолынан піскен, аузынан түскен ақпаратын суша сіңіріп алып, бірін бірі иллюзиялық идеялар үшін шоқпарлау ғана қалады.

Асқар Базарбай

Facebook-тегі парақшасынан.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста