"Есепті дос айырылмас"

Иә, Өзбекстан бізге көрші, бауырлас және дос мемлекет...
Оның үстіне Өзбекстанда миллионнан аса қазақ, Қазақстанда жарты миллионға жуық өзбек тұрады..
Қысқасы, төсекте басымыз, төскейде малымыз қосылып кеткен..
Десек те...
"Есепті дос айырылмас" деген сөз бар..
Мырзашөлге көмекке келген өзбек техникасы мен адамдары қайтады..
Өзбек миллиардері Ә.Усманов берген $5 млн да таусылады.
Мырзашөл қасіреті де әйтеуір бір кезде көмескіленеді..
Келесі проблема туындағанша...
Сардоба су қоймасының жарылуы жалаңаштаған проблемаларды Халықаралық деңгейде талқылап, шешімін Халықаралық заң және өзге де нормалармен заңдастырып алғанда болашақ ұрпақ үшін бір проблема аз болар еді..
Моральдық тұрғыда Өзбекстан президенті Мирзиеевтің жылы сөзі де, өзбектердің өзге көмегі де керек екені даусыз екенін қайталаймын..
Бірақ ертеңгі қауіпсіздікке тек #Халықаралық_келісім ғана кепіл бола алады..
Жарайды, судың алдын шым бекітер, ал радиацияны қайтпексің?
facebook.com парақшасынан





