...Ең болмаса, сол қапқаздық құсап, айқайлай алмай, менің тұрысым мынау

ҚҰСА

...Алматы әуежайына жақындағанда телефонымның қуаты бітіп, сөнді де қалды. Дәл керек кезде. Біреу звондауы керек болатын. «Жарайды, әуежайда бірдеңе қылармын...» — дедім іштей.
Әуежайда телефон зарядтайтын ұяшық орнатылыпты. Ұялыңызды ұяшыққа қоясыз да, ақшасын салып, сыртынан бекітіп, сайран салып жүре бересіз. Нұсқаулығымен танысып, енді ақша салсам, өтпейді. Біреудің телефонынан анда көрсетілген нөмірге хабарлассам: «Е, қағаз ақша қабылдайтын тетігі істемей қалған ғой, тиын салыңыз...» — дейді жайбарақат. Қалтамдағы 150 теңгені салып, енді жұрттан сұрап көрсем, ешкімде жоқ-ей. Іштегі кафелер де жолатпайды. Бір стакан шай алып, сдачасына тиын алам деген қулығым да жүзеге аспады. Тиын жоқ. Алақтап тұрмын. «Аға, зарядкаңыз бар ма?» — деді бір жігіт қасыма келіп. «Бар». «Ендеше, анау розеткаға апарып қосыңыз...». «Қосуға болмайды деген жазу тұр ғой. Айыппұл төлеп, басым пәлеге қалар...». «Қоса беріңіз, біреу бірдеңе деп жатса, мені нұсқаңыз...». Әй, азамат. Әй, ерім. Телефонымды қосып қойып, алыстан бақылап тұрмын.
Кенет еркімнен тыс сол жағыма жалт бұрылдым. Бір әдемі қыз келе жатыр екен. Әдемі қыздар көп қой, ал мына бала — хаса сұлудың өзі. «Жүрісің қудың жүзгеніндей ме...» — деп Маралтай жырлағандай, «походкасы» да бөлек. Маған назар аудармаған қалпы қасымнан өте шығып, әлгі ұяшыққа беттеді. Купюраларды салады, өтпейді. Қайта салады, тағы да солай. Тура манағы менің халім. Аң-таң.
— Қарындас, — дедім жақындап, — қағаз ақша өтпейді, тиын салу керек. Жалт бұрылып, барлық тәкаппар аруларға тән әдетпен басымнан аяғыма дейін бір шолып өтті де, қасын әнтек керді. Сосын анадайда орындықта отырған біреуге қолын көтерді. Сымбатты, сақалды қапқаздық жігіт жетіп келді. Қыз оған еркелей тіл қатты. Анау да мәз.
Ішімді ит тырнағандай болды. Нем бар еді...
...Осыдан тура 29 жыл бұрын әскерден келе жатып маған соққан Қуаныш досымды осы әуежайдан шығарып салғам. Ауа райына байланысты ұшақ ұшпай, үш күн осында түнегенбіз. Сонда бір шешен қызын кездестіріп едік. Ғажап сұлу болатын. Әскерде самбодан Қиыр Шығыстың чемпионы атанған, жігіттің сұлтаны Қуаныш әлгі арумен тіл табыса кетті. Тіпті бірге шай іштік. Ашық қыз екен. «Осы қызға үйленемін...» — деді албырт Қуаныш оңашада. Үшеуміз әңгімелесіп келе жатыр едік, кенет орта жастағы бір шешен айқай салды. Қыз зып беріп, анадай жерде отырған шешендердің ортасына қойып кетті. «Әкесі шығар..» — дедім мен. «Мейлі...» — деді Қуаныш, — бәрібір қызбен тілдесуім керек...». Барамыз, қыз бері шықпайды, керісінше қалың әйелдің ортасына тығыла түседі. Бізге алара қарап бір топ сақал тұр. Көбі жігіт ағасы. Бір кезде қырықтың үстіндегі келіншек иегімен маған ым жасады. «Кеттік...» — дедім Қуанышқа. Бірінші қабатқа түсіп ек, әлгі келіншек те келді. «Балалар, — деді ол, — біздің еркектеріміз сендерді ұнатпай отыр. Кетіп қалғандарың дұрыс...». «Әлгі кісі әкесі ме?» «Жоқ, мүлде танымайтын адамымыз....». «Ендеше, ол неге айқайлайды...». «Бізде солай...», — деді келіншек, — еркектеріміз қыздарымызды өзге ұлттардан қызғыштай қориды...». «Мен қызбен тілдесуім керек...» — деді Қуаныш. «Аналар сені өлтіріп тастайды ғой...» — деді келіншек. «Кім кімді өлтіретінін әлі көреміз...» — деді досым тістеніп. Ештеңеден қайтпайтын батыр еді. Мен де тоқтатпақ болып ем, түк шықпады. «Қорықсаң, кете бер...». Мынадан кейін кетіп көр енді. Нар тәуекел. «Мен қазір..." — деді келіншек қайтпайтынымызды көргесін. Зып етіп жоғары көтеріліп кетті. Бір кезде тілдей қағаз алып келді. Қыздың хаты екен. «Менің абыройымды ойла...» — депті ол. Мекенжайын қалдырыпты. «Пиши...». «Сен оған ұнайсың...» — деді келіншек Қуанышқа, бірақ... Осымен тоқтаңдар...». Тоқтадық. Көп ұзамай қапқаздықтар ұшып кетті...
...Ең болмаса, сол қапқаздық құсап, айқайлай алмай, менің тұрысым мынау. Бірақ тыңдамайды да ғой. Ех...

Бауыржан Бабажанулы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста