Дінсіздік жаман, бірақ имансыздық одан да жаман!
Достарымен бірге демалуға орманға барған атеист бір адам орманда жүріп айналаға қарап табиғаттың құдіреттілігіне тамсанып "табиғат ана бар ғаламды қандай керемет қып жаратқан" дейді... Бір кезде ойламаған жерден үлкен бір аю шыға келіп әлгі атеистке тұра ұмытылады. Есі шыққан атеист бар күшімен қашса да, артына қараған сайын аюдың жақындап қалғанын көреді. Бірнеше минутта аю әлгі адамды жерге алып ұрады. Жан таппаған ол атеист болғанына қарамай "Құдайым-ай!"деп айғайлайды. Сол кезде аспанда күн күркіреп бір сәтте уақытта, ормандағы суда, бүкіл тіршілік тоқтап, тас қараңғы болады да, аспаннан бір нұр түсіп адам тұрған жерді ғана нұрландырады да құлағына сұрақ келеді: "Осыншама жыл бойы Құдайға сенбедің, бар жаратылысты космостағы бір жаратылыс нәтижесі деп таныдың, енді қиналған кезде көмекті Алладан сұрағаның ба? Осыдан Алла сені жақсы көретін құлым десін бе" дейді. Алланың аса мейрімді шексіз кешірімді екенін білмейтін әлгі атеист: "Білемін, осыншама жылдардан соң иман сұрағаным әділетсіздеу, тым болмаса аюдың жүрегіне иман ұялатсаңыз?" деп жалбарынады. "Солай-ақ болсын" деген жауап алады да, күн күркіреп айнала бұрынғы қалпына келеді. Аю болса әлгі адамды жығып, екі қолын жоғары көтеріп, былай дейді: "Аллаһым, сенің ризалығың үшін орза ұстап, өзің берген ризығыңмен аузымды ашып отырмын. Шүкірлер болсын берген нығыметіңе" деген екен. Дінсіздік жаман, бірақ имансыздық одан да жаман! Иманымыз бекем, амалымыз нық болсын. Оразаларыңыз қабыл болсын жақсылар!
Бекжан Тұрыс
Facebook-тегі парақшасынан