Дінде үйлену – «сүннет». Алайда қазақта ҮЙЛЕНУ – ПАРЫЗ

Қоғамда діннің ролі зор. Ол адамды жаман жолға түсірмейді, адастырмайды ..... деп сенген едік. Алайда қазір дінде көптеген келеңсіздіктер бар. Кейде біздің қазақ мәдениетіне қарсы болып жатады. Сонда қайсысы дұрыс деп шатасатын кезіміз болды. Мәселен, дінде үйленуді – «сүннет» деп айтады. Алайда қазақта ҮЙЛЕНУ – ПАРЫЗ. Ата-анасына баланы үйлендіру парыз. Атам заманнан бері қазақтар бойдақ жүріп қалған жігітке (зорлап әкелсе де) жар әперіп, оң босағада отырып қалған қызды зорлап болса да «қашырып» жіберетін. Бұл атам заманнан келе жатқан салт. Неге үйленуге парыз деп қараған? Өйткені, жалғыз басты адамға өмір сүру қиын, адасады, жаны қысылады, ол қиғаш басса, ел бүлінеді. Сондықтан бүкіл ел болып тура жолда болып, бірге сүру үшін жабылып басын құрауға ат салысқан. Ал дінде оны жай ғана «сүннет» деп қарайды, яғни, үйленсең жақсы, үйленбесең де болады деген сөз. Осындай келеңсіздіктер өте көп.
Мәселен, ажырасу дінде де бар. Баласы бар әйел ажырасып, басқа шаңыраққа кететін болса – балаларын әкесіне тастап кетеді екен. Және құр кетпейді, балалардың басын қосып, барлығы жиналып «Шешелерің өлді» деп айтып, біржолата ат құйрығын кеседі екен. Бұдан былай балалар анасын көруге, анасы балаларын көруге мүлдем қақысы жоқ. Ол ол ма, тіпті нағашы жұртымен де қатынасты үзеді екен. Бұл балалардың санасына өте ауыр тиеді. Анадан тірідей жетім қалудың зардабы ауыр. Анаға да оңай болмайды. Олардың әрі қарай қоғамның ішінде сүруі қиындайды, қатігез, тұйық бола бастайды. Ал қазақтың дәстүрін алайық. Қазақта бала нағашысының қолында өседі, сол елдің руын, тегін алады. Өзінің қанын ұмытады. Өсе келе, ес білген соң ғана, санасымен өзінің елі емес екені ұғынып, өз елін табады. «Есің барда еліңді тап» деген сөз осыдан қалса керек. Осы екі ғана мысалмен Дін мен Мәдениетіміздің қайсы жолы адамгершілікті ұстанған, өмір сүруге қайсысы икемді екенін аңғаруға болады.
Қазақтың ҚАЗАҚ болуы әуелі – Мәдениетімізден. Қазақ мәдениетінің өмір сүру жолдарын зерттеп, талқылап, ортаға салып, ендігі бір қалыпқа түсіретін кезге келдік. Жазылмаған заңдарымызды жазу керек болып тұр, Елдің бірлігі үшін.

Роза Амет
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста