Даналығыңды қайтейін, қалтаң тесік болса

Даналығыңды қайтейін, қалтаң тесік болса

Осы бір жазылмаған қағиданың растығына күн өткен сайын көзім анық жетіп келеді. Өмірдегі басты құндылық – адами қасиет деп келдім. Шындығында көркем мінезбен шектелу кемдік қылады екен. Ендігісі нәсіп тауып, кәсіп игерудің, игеріп қана қоймай, қаржы таба білудің ауадай қажеттігін түсініп отырмын.
Әкем инфаркт алып, ажал аузынан қалған сәтте жанымды қоярға жер таппадым. Сірә, маңдайына жазылған тағдыры сол деп жүре беруге де болар ма еді. Қайдам, әлгі адами құндылығым жүрегімді жыртып жібере жаздады. Әсіресе әкеңнің тағдыры қыл үстінде тұрғанда есің шығып, қайда жүгіреріңді білмей есеңгіреп қалады екенсің. Дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп үлгергенімізбен, сол мезетте ота жасатып жіберуге қолдың қысқалығы тосқауыл болды. Иә, иә, қалтаның жұқалығы. Маған сол сәтте ақыл да, даналық та, көркем мінез де керек емес еді. Тек ақша қажет. АҚША. Түсінесіз бе? Қысылтаяң кеңірдегіме тақалғанда өмір бойы жинап келген құндылығымның құны көк тиын болды да қалды. Дәрменсіздігімнен жылап жібердім. «Осы қызым оқысын» деп аузындағысын жырып, алдыма тосқан әкеме менің көмегім қажет болғанда қауқарсыз қалғаным ауыр тиді. Иә, оқытты, тоқытты. Күректей қып-қызыл екі дипломым бар. Бірақ... Ақшам айлықтан айлыққа ғана жалғасады. Сірә, замандастарымнан жалақым сәл жоғары шығар, бірақ, күйбің тірліктен асып, шекем шылқып көрген жоқ.
Табыс көзін қалай табуға болатынын ойлап та көрмеппін. Енді міне, таяқ басқа тигенде жанұшыра зар қағып жүрмін.
Қайтсем де байлыққа жетем. Қомақты қаржы жасаудың тетігін табамын деп өзіме уәде бердім. Және бір байқағаным, жалақыға байланып, бір айлықтан әрі аса алмаған мен сияқты замандастарымның да жетіп артылатынын аңғардым. Сол себепті де күллі жұртпен осы бір сапарымнан алған білімімім мен тәжірибеммен бөлісейін деп шештім. Бәлкім қадеге жарап қалар. Ендеше, құрметті оқырман –достарым, мен бизнес әлемінің қыр-сырын тануға бет алдым. Көрген-білгенім мен түйгенімді ортаға саламын. Сіздерге де көмегі тисе, жол көрсетіп, жөн сілтесе, менің де жаным жай табады. Кедей қазақ болмаса екен. Құдайдан соны тіледім.

facebook.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста