Былықтың бәрін өз қолымызбен жасап жатқанымызды, әй, білмейміз-ау...

Бар кінәні басқаға артып, өзіміз қашан да сүттен ақ болғымыз келеді. Ал түп негізінде былықтың бәрін өз қолымызбен жасап жатқанымызды, әй, білмейміз-ау...
.
Біреуден бірдеңені талап етпес бұрын, оны алдымен өзіңнен тап!

Билік қазақша сөйлесін десең, ең алдымен қоғамдық орындарда тек қазақ тілінде қарым-қатынас жаса: Банкомат тілін қазақша таңда. Қазақсың ғой, қазақпен қазақша сөйлес! Ал басқалардан қазақша сұра, талап ет! Балаңды қазақша балабақшаға бер!
.
Балаңа баға (білім) сатып әперу арқылы бәрін ақшамен алуға болады деген түсінікке үйретіп жатқаныңды түсін! "Кресло сатып алғыштардың" сондайдан пайда болады!
.
Кез келген мұратқа таза білім, адал еңбекпен ғана жетуді үйрет. Сонда ел басқаруға тек білімділер, xалқына адал қызмет ететіндер келеді!
.
Жол ережесін бұздың ба, пара бермей, айыппұл төле. Әйтпесе сен де парақордың бірісің!
.
Дәрігерге өкпелегенше, түк білмейтін балаңды мед.университетке пара беріп оқуға түсірме. Шын білімдінің жолын кеспей, өз ісіңді тап!
.
Аш қалса да, балаңды жеңіл табысқа әуес қылма, біреуге жәудіретпей еңбекке баулы! Сонда ертең сен сияқты кредитке тәуелді боп бейшара тұрмыс кешпейді. Тұрмысы үкіметке байланбайды.
.
Тек Аллаға ғана сен! Сонда тағы бір Қосановқа алданбайсың!
.
Өз басыңды емес, айналаңды - досыңды, бауырыңды ойла, оларға қамқор бол! Сонда ертең ел қамын ойлайтын ұрпақ өседі!
.
Үйде отырып батыр болма! Әйтпесе мықтылығы тек қақпа ішінде жүретін шәуілдек иттен айырмаң қалмайды. Батырлық сөзбен емес, қашанда іспен көрінетінін өзің де білесің.
.
Үйде отырып біреуді жамандама, басқаның сыртынан ғайбат айтпа. Бір біріне жау болған қазақтар солай тәрбиеленіп жатыр. Жақсыны айт, жақсыны үлгі қылуды үйрен!
.
Ұлыңмен жақын бол, сырлас, ойын тыңда. Сонда оның өзіндік пікірі, көзқарасы қалыптасады, ойын ашық жеткізетін болады. Біреудің айтқанымен жүріп, айтаққа ермейді!
.
Ертең ел басына күн туғанда ұлтын қорғар ұл өссін десең, қазірден бастап оның бойына ұлттық құндылық, дәстүрлі өнерді сіңір. Қарашы, Отанын сатқандардың бәрі - ұлттық қасиет пен сипаттан жұрдай өңшең дүбәра!
.
Мемлекеттік қызметте отырсаң, басшы мен қара xалықтың айтысын тамашаламай, сен де жүрісіңді өзгерт! Көп нәрсе саған байланысты!
.
Осылай жалғастыра беруге болады. Айтпағымды түсіндің. Бір арнада үш сағат жүретін ана бір болмай кеткен бағдарламаны жамандайтын, сөйте тұра соны өзі көретін екіжүзділік қасиетпен күресу керек. Әйтпесе, көшеге шығып, даурығудың бәрі бос! Қалай десек те, билік - біздің айнамыз! Уақытқа қара, өмірің өтіп жатыр... 

Ертай Нүсіпжанов
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста