Жас күнімде бір досым болған . Үнемі "Маған қыз қарамайды" деп мұңаятын. Алпамсадай денесі, кісі қызығарлық келбеті бар балаға қарап көп ойландым.
"Қызбен кездесерде, мені ертіп баршы" дедім. Келістік. Бардық. Бұл қызбен танысқаны кеше ғана, бірінші рет кездесіп тұр. "Бұрын байың болып па еді?" деді салған жерден досым. Әлгі қыз ыңғайсызданып қалды. Мен түртіп жіберіп, алара қарасам: "Енді жігіті болды ма, болмады ма, білейін дегенім ғой" деп қояды. Қасымызға келген Официанткаға қарап "Әй, нан бар ма?" деді сосын.
Свиданиеге келген қыз одан сайын біртүрлі болып ол отыр. Менің де ішіп қылпылдап барады. Официантка: "Нан бар" деді жымиып. "Онда маған үш табанша нан мен май алып келші" деді ғой сабазым...
Соған көп күліп қойдым ба, маған да бір жігіт звондап сөйлесіп жүрген. Бір күні сөз салды. Барлық қыз сияқты "Ойланамын" деп міңгірлегенсідім. Домашний телефонмен ғана сөйлескеніміз болмаса, әлі кездеспедік те. Қазіргідей смайлик те жіберетін кез емес. Бір күні әлгі жігіт "Киноға барайық" деді звондап. "ОК" деген жауаптың шыға қоймаған уақыты, кәдімгідей тамағымды қырнап, ұяң дауыспен"Мақұл" дедім. Іштей мәзбін. Ол да қуанып кетті білем, "Саған ақша берейін" деді бірден. "Неге?" деп сасып қалдым. Сөйтсем: "Студентсің ғой. Қаймақ пен нан алып же" демесі бар ма. Сосын" Сен неше килограмсың?"деді. "55" десем, "Мәәә, табақтай екенсің ғой" дейді. Тұтқаны қоя салдым. Киноға бармадым, қаймақ пен нан алып жемедім. Сөйлескім де келмей қалды.
Жігіттер қызбен сөйлесе білу де бір өнер, бір мәдениет. Сендер қалай сөйлесіп жүрсіңдер өзі?!
Куралай Сейсенбеккызы
Фейсбуктегі парақшасынан