Бұл Құдайдың кереметіне таң қалмай көр!

Ауыл жігіттерінен бір әңгімені біраз жыл бұрын естіген едім. Ол, ауылдағы сексенінші жылдардың басында Ауғанстанда соғысып қайтқан жігіт жайлы әңгіме еді. Сол "афганец" жігіттің әкесі қойшы болатын. Сол жігіт бірде ауылдан мотоциклмен шығып, қойшы ауылға түс қайта аттанады. Күннің қысқа кезі екен. Жолда мотоциклы бұзылып тұрып қалады. Жөндейін десе 32/36 деген кілт керек. Айдалада кілтті қайдан алсын. Далбасалап әрі іздейді, бері іздейді, таппайды. Көлденең өтіп жатқан көлігі құрғыр тағы жоқ. Күн суып, қараңғы болып бара жатыр. Айдала. Ит-құс бар дегендей. Амалы таусылған ол отыра қалып, екі алақанын жайып, көкке қарап, Құдайға: "Иә Аллажан, Маған 32/36 деген кілтті жеткізші, әзірге басқа көмегіңе мұқтаж емеспін!"-деп дұға жасап жалбарынады. Сіздерге өтірік, маған шын, бұрылып артына қараса, жусан түбінде тат басқан 32/36 кілті жатыр дейді. Ол қуанып кетіп, Жаратушысына алғысын жаудырып, бұзылған мотоциклын тез-тез жөндеп алып, қойшы әкесінің үйіне аттанған екен. 

Мұны естіген мен, осы әңгімені өзінен бір дұрыстап сұрап алу керек еді деп жүрген болатынмын. Жақында ауылда бір жиында сол жігітті кездестіріп, әлгі оқиға қаншалықты рас деп сұрасам, тура жоғарыдағыдай етіп айтып берді. Бұл Құдайдың кереметіне таң қалмай көр!

Жүрсін Кәрім
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста