Өзбектің бір киносын көріп отырмын. "Ынтымағың бұзылмасын" деп аталады екен. Ешқандай спецэффект, жарқыл-жұрқыл, сөз ойнату, болмашы ырқыл-жырқыл жоқ. Бірақ шынайы. Біздің анау-мынау махаббат-сахаббаттарымыздан әлдеқайда сенімді. Олардың артықшылығы, оқиғаны өмірден алады. Біз құрастырамыз, ұлттар достығы деген секілді. Өзбек киносының тағы бір артықшылығы, тәрбиелік мәнінде. Ата-ана, ата-ене, ене-келін, күйеу бала қайын-жұрт арасындағы қарым-қатынас, қысқасы, отбасы татулығы, махаббат шынайылығы ерекше мәнге ие. Мемлекет мерейі, ел тұтастығы, ағайын татулығы отбасынан басталады. "Отбасы - шағын мемлекет" дегеніміз осындайдан шыққан шығар.
Жалпы өз әсерім, өз ойым. Ешкімге таңбаймын.
Дурәлі Дүйсебай
Фейсбуктегі парақшасынан