Біз, қазақ, шын мәнінде "ұят мәдениетінің" адамдарымыз

Біз, қазақ, шын мәнінде "ұят мәдениетінің" адамдарымыз

Қазақты "ұятшыл" халық дейміз. Ар-ұятты дейміз. Бірақ, осы ар, ұят, күнә, кінә деген сөздердің ара-жігін аша алмай жатамыз. Байқасам, баспасөзде "кінә" деген сөз атымен жойылып барады. Әрі кетсе сотта айтылады, одан қалса әдебиетте. Есесіне "күнә" дегенді көп айтып жүрміз. Себебі түсінікті, бақа мен биттер талай сайтты құрып салды, насихатын жүргізіп жатыр.

Ең мықты сөзіміз, әрине, "ұят". "Ұят болады", "ұят болмасын" дейміз. "Жұрттан ұят болмасын" дегеніміз екінші ұлттық ұранымыз. Астатөк, малшашпақ та осы "ұят болмасыннан" туындайды.
Біз, қазақ, шын мәнінде "ұят мәдениетінің" адамдарымыз. Бізге "кінә мәдениеті" мүлдем жақындамаған сияқты.
Мысалы, адам бір қателік жасаса, оны ішінен "кінә" деп түсінсе, онда я кешірім сұрайды, я түзеледі, я күйіктен өледі. Бұл "кінә мәдениеті".
"Күнә мәдениеті" де түсінікті: қателік жасасаң, алдағы уақытта сені Құдай ұрады, тозаққа тастайды дегеннен туындайды. Бұның да асқан жамандығы жоқ, бірақ кейбіреулер бұны өз мақсаты үшін керемет пайдаланады.
"Ұят мәдениеті" кішкене басқашалау. Біздер ұятты болудан сақтанамыз. Ұятты жағдайға түсуден қашамыз. Тіпті ұятты шаруа жасасақ та, егер оны ешкім байқамаса, сезбесе, оны "ұятты" шаруа деп ұқпаймыз. Жұрт көрмесе, білмесе, естімесе, ештеңенің ұяттығы жоқ. Бұл тек біздің басымыздағы дүние емес. Бірақ, табиғаты осындай.
Менің ойымша, "кінә" - адами қағидаттан, қоғам мәдениетінен туындаған категория. Осыны мықтап аңғару керек. Өз басым иман мен мәдениет, шынайылық пен патриотизм, адамгершілік пен ізгілік тек діни қағидаттан, яғни "күнә" категориясынан туындайды дегенге сенбеймін. Егер "ұятты", "кінәні" түсінетін адам "күнәні" де ұғып жатса керемет. Шешем марқұм, мысалы, ешқашан аса діндар адам болмаған, бірақ ар, ұят, кінә дегенді бүгінгі 500 дүмшеден артық білген.
Ойланып жүрейікші осы тұрғыда.

Айдос Сарым 

Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста