Басыма дәәу мүйіз шыққан соң, екінші рет жарамазан айтпайтын болдым

Жаңа көшеде тұратын бірнеше бала жарамазан айтып келіпті. Өздері миттей болып алып керемет əндетеді. Тəтті балалардың тілін қызық көріп, қайта-қайта айттырамын. Əдемі бата жаттап алыпты. Алақанын жайып, үлкен кісілерше бата бергенде тіптен риза болдым. Қараңғыда байқамаппын. Кіл ер балалардың арасында мұрны пүштиген, шашын шолтитып түйіп алған бір қыз жүр.
Сен де жарамазан айтып жүрсің бе десем,
-Иə, онда тұрған не бар деп қояды .
Иə онда тұрған не бар? Шынтуайтында қыз баласы жарамазан айтпайды деуші еді. Қыз да болса əлі, еркелігі қалмаған ол да бала ғой! Мен де кішкентай кезімде ағаларыма қосылып жарамазан айтқанмын. Айналам да қыз баласы болмаса қайтейін енді. Ағайынды екі үй қатар тұрсақ, сол екі үйде де үш-төрт ұл мен бір -бір қыздан. Əкемнің ағасының қызы жасы менен үлкен. Бой түзеп қыз бола бастаған Ғалия деген əпкем. Менің жасымды менсінбейді. Қазір ғой. Əпкелі-сіңлілі болып сырласамыз. Ол кезде Ғалия əпкеме барсам, қатарыңмен ойна деп қайтарып жіберетін. Содан ағаларыма айналып қайтып келемін . Үйдегі ер балаларға қосылып еркекшора болып кеттім соңында.
Рамазан айы болатын. Ғалия əпкемнің інісі Дəкө деген ағам бар, өз ағаларым бар,' жарамазан айтып қайтайық'- деп жоспарлап отыр екен. Салған жерден
-мен де сендермен еріп барамын деп қиғылық салдым. Дəкөнің жолатқысы жоқ.
-Қой сен жүгіре алмайсың, үйде қал дейді.
- Аяғыма бағана ұйық жағып алғанмын. Сосын қатты жүгіретін тəпшке киіп алғанмын. Егер апармасаң тəтеме айтамын деп жер тепкілеймін. Тəтем дегенім əкем. Атын естігеннен амалсыз ертіп алды.
Ауылда көше деген жоқ. Əр - əр жерде шашыраған бірнеше үй.
-Əсия деген апай бай тұрады соның үйіне барайық дедік.
Əсияның мінезі шайпау. Қу ағаларым оны жақсы біледі. Пысықтықтарын қарай гөр!
---Жарамазанды сен айтасың. Ал сом мен тиын берсе біз аламыз дейді. Ол кезде сомның уақыты тұғын. Жарамазанның сөзін толық білмеймін.
Жыңғылдан қоршалған Əсияның үйінің алдына келдік те, терезесіне қарай үлкен тастарды атумен болдық. Өзім жаттап алған жарамазанды айтып, əндетіп тұрмын.
Айтайын жарапазан жар басыңа,
Қошқардай мүйіз берсін мау басыңа.
Қазір біліп жатырмын. Екінші жолын тіптен дұрыс айтпаған екенмін . Арт жағымда терезеге қарай тас атып тұрған ағаларымның бірінің лақтырғаны терезеге дөп тисе керек 'таср' еткен дауыс естілді.
Оған қарайтын мен бе?
-АЛЫП ШЫҚ-АЛЫП ШЫҚ,
САРЫ ТАБАҚҚА САЛЫП ШЫҚ-деп қуып тұрмын.
Іштен Əсия шығып шаңқылдап жүгіріп келді. Ауызына келген жаман сөзі мен қарғысын жаудырып жатыр. Арқама қарасам ағаларым жоқ. Бағана терезе сынған кезде-ақ, мені тастап, табандандарын жалтыратқан екен. Ентелеп жүгіріп келе жатқан Əсиядан мен де қаша жөнелдім. Шайпау қатын жерден қолына ілінген тасты алды да, жіберіп қалды. Мерген екен. Басқа жерге тимей, тура басыма келіп тиді. Сол жерде жөрелеп отыра кеттім. Ұстап алды. Терезені салып бересің дейді. Ол да қызық. Жасым не бары 7-де ғана. Жұлқып-жұлқып қарғап-қарғап жөніме жіберді. Үйге еңіреп жылап келдім. Мені лақтырып кеткен ағаларға тəтемнің тарапынан бір-бір "сильнейший удар" кетті. Ертесі күні анам, Əсияға барып "разворка"жасап қайтты. Басыма дәәу мүйіз шыққан соң , екінші рет жарамазан айтпайтын болдым.

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста