Бастыққа кіру де бас ауруға айналды

Бастыққа кіру де бас ауруға айналды

Жүсіп Баласағұни бабамыз «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» депті. Таңғалатын сөз емес, бірақ тамсанатын сөз. Жақсы басшының жанына жақсы адамдар жиналады. Айта жүретін әңгіме де осындайдан туындайды. Амал қанша, бүгінгідей шым-шытырық уақыт жаны жылы адамдарға қарағанда қатыгездер қатары көбейіп бара жатқандай. Айталық қылмыс көбейді, қаскүнемдер жиі бой көрсете бастады, айтқаныңды тыңдай қоятын құлақ азайды...
Бірде мекеме басшысына кіруге тура келді. Қағылездеу келген қараторы қыз: «Ағай, бастықтың алдындағы табличканы қарайсыз ғой. Егер «бастықтың көңіл-күйі жоқ» деген жазу тұрса, көп мазаламауыңызды сұраймын» деді ол төмен қараған күйі. «Егер «көңіл-күйі жақсы» деген жазу тұрса, не істеуім керек?» дедім қызға. Үнсіз қалған ол иығын қиқаң еткізді.
Кабинетке бас сұқтым. Бастық мені көріп қуанып қалды. Әңгімеміз жараса кетті. Амандық-саулықтан соң, әлгі табличкадағы «Бастықтың көңіл-күйі жоқ» деген жазу көзіме оттай басылды. Алайда бастықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Әңгіме арасында соңғы кездері барлық бастықтардың кабинетінен табылатын тамаша «ескертудің» пайда бола бастағанын құлаққағыс жасап қойдым. Бастық жақсы адам екен, бірден түсінді. «Осы бәле болды.Бір достарым сыйлап еді» деп, менің алдымдағы «табличканы» сындырып, қоқыс жәшігіне бірақ тастады. «Расында да, қазір бастықтардың алдында осындай ескерту тұратын әдетке айналды. Басқаларды қайдам, мен үшін бұл артық нәрсе» деген жігіт ағасы қайта-қайта кешірім сұрады.
Не дейміз, рахмет айтып, шаруамызды тындырып, кабинеттен шықтық. Үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу деген осындай-ақ болар. Өкінішке қарай, жоғарыда тілге тиек болған ескерту «табақшалары» көбейіп кетті. Тіпті бастық болудың дәмін татып көрмеген, қарамағындағылардың қандай күй кешіп жүргенімен ісі жоқ, келушілердің көңіліне қарауды, сөзін тыңдауды түсіне бермейтін жас басшылар шоғыры пайда болды. Адаммен адамша сөйлесудің мәнісін олар қаншалықты біледі?
Тағы бірде мекеме басшысының көңіл-күйін көрсететін ескерту табличкасы хатшы қыздың алдында тұр екен. Әлдебір құжатқа қол қойдырмақшы болған қызметкер әлгі жазуды оқыды да «бастықтың басы ауырып отыр ма? Онда түстен кейін кірейінші, қазір бірдеңе деп жүре ме тағы да...» деп зыта жөнелді. «Өстіп қоймасаң, бұлар бастықтың мазасын алады» деп, хатшы қыз мәз болып отыр. Қабылдау бөлмесінің ауа райын бірде ысытып, бірде суытып отырған сүйкімсіз қыздың қылығына қайран қалдым. Бірақ оның адамгершілікке жатпайтын жат әдетін бастығына айта алмадым. Күндердің күнінде өзі де көз жеткізер деп ойладым. «Әлде осылай жұмыс істеуді бастығының өзі үйретіп қойған жоқ па?» деген арам ой да санада қылаң берді. Қалай десек те, бұл жақсы әдет емес.
«Жібек мінезді жұртқа жағар» дейді дана халқымыз. Бастықтың алдына басбұзар емес, басына күн туғандар, шаруасын шеше алмағандар, құжатқа қол қойдыратындар ғана барады. Сондықтан келген кісіге кесірлік көрсету, айбат шегу – ақымақ басшының басын айналдыратын анайы әрекет. Махмұт Қашқари бабамыздың «Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі» деген даналығы жас басшылардың жүрегінде жүрсе, жақсылық жасау жақсы адамдарға тән құбылыс екені санасынан шықпаса игі.

Жолдасбек Дуанабай
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста