Басқаға сес көрсете алатын қасқыр мінез қазақта бар ма?
Жер бетінде аюдай аң барда, қоян мен түлкі өзін еркін сезіне алмас.
Аюға сес көрсете алатын тек Арлан-ғана.
Көмек беретін ұяластары болса— өзіне тиесілі тамақты басқа әлділерден тартып жейтін— тең бөлісе алатын тек қасқыр-ғана.
Бір түнде өз аймағын аралап шығып, жолай жүрген жерін тырмалап—басқаға сес көрсете алатын, қуса жететін— қашса құтылатын айлалы қасқыр мінез қазақта бар ма?
Өзінен мықтыны көрсе — астына жата қалып еркелейтін шакал мінез ше?
Айналасында болып жатқан оқиғалардан қалыс қалатынын—өмірі жұмыстан бас алмайтынын айтып ақталатын есек мінез ше?
Бәрі де бар.
30 жылда жоғалтқанымыз—уақыттан ұтылдық.
Адам еркіне бағынбайтын тек уақыт-қана.
Уақытыңды текке өткізбе, Қазақ!
Ұрпағың кешірмейтін іс істеме!
Тортуыл Шоқан
Фейсбуктегі парақшасынан