Баланың беделін бағамен бағалауға болмайды

Бұрын мектеп кезінде мұғалім бойындағы мінге мән бермейтінмін. Кез келген жағдайда оқушы кінәлі болатын еді.
Қазіргі мектептердегі жағдайға қарап, балалардың барлығы қабілетті, тек білім саласының қызметкерлеріне бір нәрсе жетіспейтінін байқап жүрмін. Оларға шоу бизнестегі мықты продюсерлердің «чутьесы» немесе үшінші көзі, яки алтыншы сезімі қажет екенін түсіндім. Сол қасиет көп мұғалімдердің бойларында болмағандықтан оқушы қиналады. Мектеппен қоса, өмірдегі орнын таппайды. Біздің ұлағатты деп жүрген ұстаздар баланың сабақ үлгерімі мен мінезіне қарап бағалайды. Құр бағалап қана қоймайды, оның сыныптағы беделін сол бағамен белгілеп береді ғой. Бірақ практикада мұғалімнің бағасы мен пікірі сапаға сай келмейді. Мысалы, кеше оператормен Астанадағы белгілі бір гимназияға бардық. Мақсатымыз, он бірінші сынып оқушыларының бес алты айдан соң, қай мамандыққа баратындықтарын білу еді. Сыныпқа кіріп, оқушыларға қараймын, сауалыма кім жауап береді деп. Мұғалім төрт пен беске оқитын балаларын таныстырғанмен олар қарапайым сауалдарға жауап беруден қорқып тұр. Ортаға сүйреп шығарып, сөзге тарта алмаймын ғой. Басқа вариант іздей бастадым. Бұрышта жалғыз отырған балаға жақындағаным сол еді, мұғалім лезде: "ой, ол оқушы двоечник" деп бәрінің көзінше айтып салды. Ыңғайсызданып, микрофонды өзіме алып жатыр едім, әлгі бала орнынан тұрып, сұрақтарыма жауап беруге рұқсат сұрады. Мен сауалдарымды қоя бастадым. Бала тұйық болғанмен сөзі салмақты, ойы жинақы, әңгімесі мәнді болды. Ал озат оқушылар мұғалімнің сыбырлағанымен бір нәрсе дегендей болды. Бұдан қандай қорытынды шығады. Қашан болмасын мұғалімдер оқушыға бір жақты қарайды. Оның күнделікті үй тапсырмасын орындаған жұмысынан басқа бойындағы қабілетін бағалай алмады. Әділетсіз кемітеді. Әйтпесе, әлгі бала математикадан жақсы емес шығар, диктанттан қате жіберетін болуы мүмкін. Бірақ баланың эрудициясы жоғары ғой. Және оның неге сыныпта досы жоқ? Мұғалімге жақпағаны үшін, әрине. Баланың бойына білімді емес, комплекстті сіңіріп жатқан ұстаздарға болайын!

Мақпал Бұралқиева
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста