Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын?!

Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын?!

Балаға зарлы ән айтқызу - қайыр тілеткенмен бірдей көрінеді маған. Әлгінде теледидардан бір кіп-кішкентай бүлдіршін:
"Жетімнің көзі жасты екен,
Удан да дәмі ащы екен.
Әкенің мұз ба жүрегі,
Ананың бауыры тас па екен", - деп әндетіп тұр. Әлгіні көріп "Мына баланың әке-шешесі бар ма өзі, неге мұндай ән салдырады?" деп, өзімнен-өзім берекем қашса бола ма...
Бәлкім, "жүрекке солай жақсы жетеді, адамдардың бойындағы аянышын оятады" дейтін шығар ол әнді берген "ұстазы". Түсінікті. Алайда біз қоғамның ащы мәселесін жеткізу үшін баланы қолданбауымыз керек. Бұл - өскелең ұрпаққа жасалған қиянат. Айтып тұрмын ғой, бұл тура "қайыр-садақа беріңдерші" дегендей жаман әсер етеді. Естіген жан ол мәселені ойламайды, айтып тұрған баланы аяйды. Автоматты түрде.
Дәлел керек болса, бір кездері "Бозторғай" деп шырылдағанда тұла бойыңды түршіктіретін Мейрамбек Беспаевты еске түсірейікші. Өтірік емес қой, "Ойбай, жетім бала екен, әке-шешесі тастап кеткен жерінен Алтынбек Қоразбаев асырап алыпты" деген сөзге имандай ұюшы едік қой. Көрген сайын Мейрамбекті аяп. Яғни, бұл - әлгіндей әнді естіген адам оны орындаушының тағдыры деп қабылдайтынына бұлтартпас дәлел.
Сондықтан балаға зарлы ән айтқызуды доғарайықшы. Сондай-ақ "анам ауру, әкем тастап кеткен" деген сияқты сөздерді айтқызып ролик түсіріп, ақша табуды да. Тіпті ол аса қатты мұқтаждық болса да, үлкендер айтсын ол үшін сөзді. Баланы олай тумысынан қайыршылыққа итермелемейік.
Тым құрыса, "Балалар жылында" балалар айтатын әндерді көбейтейік. Тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемақы беру жолын қарастырып әрі оны оңайлатып, мәселені солай шешейік. Баланы зар илетпей!
"Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын?!"...

facebook.com парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста